Аудан тұрғындары үшін жұмысын бастады

Дәл қазіргі елдегі ахуалға байланысты адамдардың иммунитеті басты назарда. Дегенмен антибиотиктер молынан  қажет болып жатқанда, дәріханалардың бірінен дәрі тапшылығын көрсек, екіншісінен бағаның негізсіз өскенін байқаймыз

Осы сияқты мәселелер біздің де ауданда жоқ емес. Себебі, ауданда тек қана бір дәріхана жұмыс жасап келді. Халқы көп шоғырланған аудан үшін бұндай жағдай қиындық туғызд дәріхана  аздық етеді. Қарт кісілер кішкентай ғана дәріханада кезекте тұрады. Егде тартқан кісілердің ұзақ уақыт кезекте тұруға денсаулықтары келмейді. Аудандағы  жалғыз  дәріхана  болған соң, халықты  толыққанды  қамтамасыз  ету мүмкін емес. Осыны  ескерген  Айша Тойкенова,  аудан орталығынан  жаңа  дәріхана  ашты. Екі  дәріхана болғандықтан  ауыл  тұрғындары  бұрынғыдай  кезекте  тұрмайды, қалаған  дәрілеріне  тапсырыс  беріп  алуға  да  мүмкіндік  жасалған.  Бұл аудан халқы үшін қуанышты жағдай.

Дәріхана иесі Айша Айтжанқызы, 2017 жылы Астана Медицина Университетін  “Фармация” мамандығын тәмамдаған. Оның айтуынша, дәріхананы жолдасы екеуі өз қаражаттарына ашқан. Қазіргі танда дәріханада бір медицина қызметкері жұмыс жасайды. Оған еңбекақысы уақытылы төленіп отырады. Дәрі-дәрмектің 250-дең астам түрі бар. Бағаларыда халыққа қолжетімді. Қажетті дәрілер екі апта сайын толықтырылып отырады. Дәріхана иесі әр адамның сұранысын ескере отырып, дәрілерді уақытылы жеткізуде. Сонымен қатар, келешекте мүгедектер мен қарт кісілер үшін жеңілдіктер болатынын тілге тиек етті. Мемлекеттік  бағдарламаларға  қатысып, дәріхананы  кеңейту де  ойда бар екенінде  сөз  арасында  айтып калды. Дәріхана жергілікті тұрғындарға демалыссыз қызмет жасайды. Торғай ауылының халқы жаңадан ашылған “Дәріхана” иесіне дән риза.

Қарагөз АЙТЕНОВА

А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай өңірлік университеті,

журналистика

мамандығының 2 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.