Сазгердің сырлы әуендері шырқалды

Б.Хамзин атындағы өнер мектебі жыл сайын дәстүрлі түрде ХV аудандық “Таланаттарды іздейміз” атты ән байқауын  ұйымдастырып келеді

Айтулы іс – шара Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, сазгер Болат Хамзаұлының туған күніне орай өтті. Мақсат, сазгердің сырлы сазды әуендерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнерлі балалардың санасына сіңіру. Байқауға Сарысу, Шұбалаң негізгі мектебінің және Ы.Алтынсарин, Қ.Жармағанбетов, Ғ.Қайырбеков, А.Қоңқабаев, Қ.Топаев, Амангелді жалпы білім беретін мектептерінің өнерлі оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Ұйымдастырушылар тарапынан ешқандай кемшілік жоқ. Барлық мектептерге байқаудың ережелері мен арнайы қатынас қағаз жолдаған. Өкініштісі, бұл байқауға 11 мектептен бала қатыспаған.

Мүмкін карантиндік шектеулерді сыныққа сылтау етті ме екен. Ол әзірге бізге беймәлім. Десекте, жылына бір рет өтетін байқауға атсалысып, өнерлері балалардың есімін жалпақ жұртқа танытудан жалықпауымыз керек. Оның үстіне ән байқауы онлайн форматта “Инстаграм” желісі арқылы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша әділ – қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Қ.Жармағанбетов мектебінің 8 сынып оқушысы Аят Жұмабек жеңіп алды. 2 орынды Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жансұлу Әбдіғапар иеленді. 3 орын Шұбалаң негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы  Дина Жұмабектің еншісіне бұйырды. “Инстаграм” парақшасында ең көп лайк жинаған Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушысы Арнұр Дүйсенбай “Жұлдызды әнші” номинациясына лайықты деп бағаланды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.