Қоғамдық штаб ашылды

Партиялық сайлау науқанына қызу дайындық басталды

“Nur Otan” партиясының Жангелдин аудандық филиалының сайлауалды штабы мен қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылуы салтанатты түрде өтті.

Оған штаб мүшелері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер, партия ардагерлері мен мүшелері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты. Олар мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық  жағдайға  байланысты белгіленген тәртіпті толығымен орындады. Қатысушылардың назарына партияның негізгі жетістіктері, сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның партиялық тізімімен алдағы үгіт кезеңіне арналған міндеттер, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс тәртібі таныстырылды. Іс-шара барысына барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар әлеуметтік қашықтық пен бетперде (маска) киіп, карантин режімін сақтады.

Жангелдин аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Ғабит Сүндетбаев штаб мүшелеріне, белсенділерге, барлық қатысушыларға саяси додадағы жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.

“Жедел ақпараттар ағыны”

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.