Үміткер ауылдықтармен жүздесті

Жангелдин аудандық мәслихатының депутатығына үміткер Серік Нұрғазин Ақшығанақ ауылдық округіне барды. Алдымен, ауыл “ақсақалы” Сәбит Байназаровтың шаңырағына ат басын тіреді.

Елағасына айналған қарттың амандығын сұрасты. Артынша көп балалы аналар мен жеке кәсіпкерлердің үйлерін аралап, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Қ.Топаев атындағы мектеп ұжымымен және аудан ардагерлерімен кездесті. “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағадарламарын және күні бүгінге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталды.

“Бұл партия алғашында 1999 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Отан” партиясы болды. 20 жыл бойы халықтың басым дауысына ие болып келеді. Осы жылдар ішінде: ел Тәуелсіздігі мен дамуының символы-жаңа Елордамыз бой көтерді, Мемлекетіміз демографиялық дағдарысты еңсерді,”-деді Серік Бағдаұлы.

Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партияның “Biz birgemiz” акциясы жүзеге асып келеді. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, I және II топ мүгедектігі шектеулі жандарға, жалғыз басты ана-әкелерге антисептикалық құралдар және азық-түліктер жеткізді. Елбасы бастау берген “Biz Birgemiz” қоғамдық қоры пандемия кезінде көмекке зәру отбасыларға қаржылай көмек берді. Аталған көмекпен  аудан көлемінде 368 адам қамтылды. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар, жетім балалар мен тыл ардагерлеріне көмек көрсетілді.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы: Көкалатқа көшіп келіңіз

Ауыл сізді құшақ жая қарсы алады! (далее…)

15 часов ago

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

15 часов ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.