Бір суреттің тарихы

немесе Айдар Атығаевтың естелігінен

Құрдастар тобын ашып отырсам, ортаға өзіндік тарихы туындайтын бір сурет келген екен. Суретте кешегі 80-жылдардың қас жүйріктері, жауырыны жер иіскемей жүретін Асқар Омаров пен Айдар Атығаев бауырымыздың көне Целиноград қаласында республикалық бәйгеге келген сәті беріліпті. Сарғайған суреттің сырын білетін Айекеңе «Ассалаумағалейкум, Айеке. Керемет естелік екен!»- деп жазып жіберіп едім, арада көп уақыт өтпей-ақ, өзінен де жауап келді. Дауысында толқу аралас Айекеңнің қадірлі ұстазы Қонысқара ағай туралы толғанып айтқаны қатты әсер етті.

-Бір ғана сурет. Уақыт пен уақыттың арасын жалғастырып, есіңе сан түрлі оқиғаны еске саларлық тағылым иесі- ескі сурет. Ол кезде жігіт боп желке шашымыз күдірейген, күрессек өз ортамыздың олжасынан қағылмайтын жастық шақтың дәурені болатын. Мен оқитын Арқалықтағы оқу орныма (техникумнан) қазақша күрестен жастар арасында өтетін жарыстың шақыруы келді. Өз тобымнан өзгеге бәйге беріп көрмеген менің баратын мүмкіндігім келді. Қазылар алқасы жарыс орнын Целиноград (Ақмола) деп белгілеген екен. Соған баратын болып дайындық жиіледі.  Жиырманың жігерлі ортасы қазақша күресінің тарландары қазіргі Елорданың төрінде бас қосып, бозкілемде белдесті. Мен Арқалықтан, құрдасым Жұмақан Қасымханов пен інім Берік Таласов Қостанайдан және Қарағанды қаласынан Асқар Омаров та дүрілдеп жетті. Бас қосылған бір Тәуіштің түлектері сол бәйгеде бас жүлде мен басқы орындарды ешкімге бергеніміз жоқ. Салы суға кеткен қарсыластардың қапы қалғандарының сондағы таңданысы әлі есімізде. Бізді бір ұядан белбеуімізді тартып өсірген даңқты ұстаздың қадір-қасиетін сол кезде сырттан келіп ұғынған ағайындардың құттықтауынан ұғындық. Жастық дәуренмен көп нәрсеге мән бергізбейтін жиырма жастың жалынды күші білікті ұстаздың қолдан соққан құрышындай шыңдалып шыққанымызды да аңғармаппыз. Ұстаз деңгейінің сол кездегі беделі қаншалықты биік болғанын қазір елуден асып, елағасы атанған шақта еске алып жатқанымыз – өкінішіміз секілді.  Қадірлі ұстаз –  Қоқан ағай! (ел іші еркелетіп осылай атайтын еді). Осы бір естелігімді ұлағатты ұстазымның  рухына арнап, тағзым жасаймын. Марқұм ұстазымыздың шәкірттері бүгінде ел тарихына еңселі әрі сүбелі үлес қосқан азаматтарға айналды. Алды – елінің мәртебелі ұстаздары. Енді бірі спорттық әлеуметін қалыптастырып отырған іргелі тұлғалар. Бақұл бол, қадірлі ұстаз! Алланың шапағатына бөленген рухыңыз желеп-жебеп жүрсін, – деп Айекең сөзін аяқтады.

Айтпақшы, Арқалық қаласында ұлы ағартушы ұстаз Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық турнирге қатысқан Айдар Нағызханұлы чемпион атанды. Жалпы, білектің күшін шыңдай білген құрдасым екі дүркін республикалық турнирдің чемпионы атанды.

Ішкі ойы осынша тебіреніске толған Айдар замандасымның ұстазы алдындағы бір ғана естелігі менің де көңілімді толқытты. Өткен күнде белгі бар екен. Ендеше , еске алып отырар құрдасыңа кім жетер…

Бейсенбай  БЕРДІҒОЖИН

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.