Республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық өнер байқауы өз мәресіне келіп жетті. Бұл байқау – жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында өткізілген еді. Биыл пандемия жағдайына байланысты байқау алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды.
Байқаудың ең үздік жеңімпаздары мен жүлдегерлері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 102 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 36 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Соның ішінде көркемсөз оқу номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әулетбек Жүсіп 1 орынды жеңіп алды. Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша аталған мектептің 10 сынып оқушысы Алтынай Жаңабай 3 орын иеленді.
Жансая ҚАЗЫМ
Аудандық білім беру бөлімінің әдістемешісі
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.