Басты арманым елдің амандығы
Уақыт бір орында тұра бермейді. Қас – қағым сәтте өмірдің тағы бір белесін тарих қойнауына жібергелі жатырмыз. “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп”. Жаңа 2021 жылдан жақсы жаңалықтар күтеміз.
Тышқан жылы барша қазақ елі үшін қиын жыл болды. Әлемді жаулаған індет халықты дүр сілкіндірмей қоймады. Ойлап қарасақ, әр жылдың өмірлік тәрбие беретін оқиғасы болатын секілді. Сол сияқты тышқан жылында біз үнемдеушілдікке, жақындарымызды іздеп, сағынудың не екенін ұғынғандаймыз.
Жаңа жыл- жаңа өмірдің, өмірге деген ізгі бастамалардың бастауы. Барша халық тағатсыздана күтетін мереке. Әсем от шашулар. Мерекенің сәнін келтіретін кейіпкерлер. Бейне бір ертегідей. Ескі жылды естеліктермен қорытындылап, алдағы өмірге жоспар құрамыз. Солай, өмірдің ақ парағын толтыра бастаймыз. Жаңа жылдан не күтесіз? Жаңа сиыр жылы. Жаңа 2021 жыл. Келер жылдан үміт көп! Ең бастысы- амандық. Екіншіден- Тәуелсіздіктің жемісі. Үшіншіден- еліміздің жаңа бағытқа ұмтылысы мен оң нәтижелері…
Жаңа жыл өз жақсылығымен келсе екен деймін. Көрер қуанышымыз екі еселеніп, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Халқымыз мерекені туған-туыс, бауырларымен тойлап шат- шадыманға бөленсін.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университетенің
журналистика мамандығының
1 курс студенті
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.