Өнерлі оқушыларымыз жеңіске жетті

Республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық өнер байқауы өз мәресіне келіп жетті. Бұл байқау – жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында өткізілген еді. Биыл пандемия жағдайына байланысты байқау алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды.

Байқаудың ең үздік жеңімпаздары мен жүлдегерлері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 102 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 36 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Соның ішінде көркемсөз оқу номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әулетбек Жүсіп 1 орынды жеңіп алды. Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша        аталған мектептің 10 сынып оқушысы Алтынай Жаңабай 3 орын иеленді.

Жансая ҚАЗЫМ

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемешісі

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.