Нәтижелі жұмыс – оң өзгеріс

Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспановтың халыққа есеп беру жиыны  онлайн режимінде “Facebook” әлеуметтік желісі арқылы  өтті

2020 жылы атқарылған ауқымды жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарлы міндеттеріне тоқталды. Ауданымыздың әлеуметтік экономикасы жыл сайын кезең – кезеңімен даму үстінде. Заман ағымына бейімделген халықта мал шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрып келеді. 4967 тұрғылықты халқы бар ауданымыздың тыныс – тіршілігі әлеуметтік желілерде жарыса жазылып жатқан сын – пікірлерге еш қисыны келмейді. Олар мемлекет тарапынанда тиісті жәрдемақыларын да уақытылы алып отырады. Жалғыз басты, көп балалы аналар, әлеуметтік жағдай төмен отбасыларға аудан тарапынан үнемі қолдау көрсетілуде. Жұмыссыздар тізіміне тіркелген 840 адамның өтініші қабылданып, 740 адам жұмысқа тұрғызылған. 370 жұмыс орны ашылып, 89 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек”  бағдарламасының  үшінші  бағыты бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына бірқатар адамдар тартылған. Оларға республикалық бюджет есебінен қаржы бөлініп, толықтай игерілген. Жастар практикасынан өткен 27 жас маманың 8 тұрақты жұмысқа тұрғызылған. Яғни аудан көлемінде жас мамандарға қолдау бар деген сөз.

Қазіргі таңда аудан бойынша егін шаруашылығы кенжелеп қалғаны рас. Кезінде Милісай, Саға, Бидайық ауылдары алтын астықтың қамбасы болатын. Ал, бүгінде бұл саламен айналысып жүргендердің саны саусақпен санарлықтай ғана. Есесіне, мал шаруашылығын қолға алғандардың саны жетіп артылады. “Сыбаға” бағдарламасына қатысып, асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша жұмыс жасап жатқан шаруа қожалықтары бар. Оларға мемлекет есебінен қосымша субсидия төленеді. Азда болса көмек. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 жоба мақұлданып республикалық және облыстық бюджеттен қаражаттар бөлінді. Ақкөл,  А.Байтұрсынұлы, Торғай және Көлқамыс ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жасалды. “Нұрлы жер”  бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа Қалам–Қарасу және Сарысу ауылдарын  ауызсумен қамтуға бағытталған  құрылыс жұмыстары басталды. Осы жылы толығымен іске қосылып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Торғай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Ақкөл мен Ахаң ауылындағы “Ұлыжыланшық” өзені арқылы өтетін көпір жұмысы жүзеге асуда. Шилі ауылдық округіндегі “Шилі” бөгетінің жұмыстары аяқталды. “Шұбалаң-Қарасу-Көкалат” бағытындағы жолдардың орташа жөндеу жұмыстары жаз айларында жалғасын табады. Ауданымызға қарасты 7 елді -мекеніне жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет желі тартылды. Кеңес кезінде салынған көше асфальттары қалыпқа келтірілді. Жасалған жұмысты жарыққа көрсету біздің міндетіміз. Тұрғындардың ұсынысын бір күнде жасау мүмкін емес. Себебі, барлығы келіп қаражатқа тіреледі. Соңғы үш жыл көлемінде құрылыс жұмыстары қарқын алды. Кезең – кезіңімен жүзеге асып жатыр. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалуда. Тек қана кемшілікті көре бермей, жасалған дүниелерге де назар салған дұрыс. Биылдың өзінде аудан орталығындағы коммуналдық кәсіпорынға, электр жүйесіне, орталық аурухана  барлығы 12 қызметтік көлік алынды. Ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны 75 орыннан тұратын     3 топтық толық күнді шағын орталыққа айналдырды. Аудандық аурухананың хирургиялық ғимараты  күрделі жөндеуден өтті. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында 4 маман тұрғын үймен қамтылды. 22 жас маманға 6 млн  111 мың теңге көтерме жәрдемақы берілген. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі жоқ деген сөз қисынға келмейді. Әр сөздің байыбына барып, айтқан ләзім. Ауыл, ауылдық округтерде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде “Туған жер” кіші бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Әрине, ел перзенттерінің қолдауымен. Олардың туған жерге деген перзенттік борыштары.

-Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң сипатта. Бұл барлық торғайлықтардың еңбегінің нәтижесі болып табылады. Алдағы уақытта да бәрімізге жақсы жолдар, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, медицина мен білім саласының қызметтері, жылу, жарық және баспанамен қамтамасыз ету, сау қоршаған орта керек екені белгілі. Осының бәрін сақтап қалу, дамыту және жасау үшін бәріміздің бірлесіп жемісті жұмыс істеуіміз, жаңа бастамаларды қолдауымыз, білікті кадрлар өсіруіміз қажет. Сондықтан, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Атқарылатын жұмыстар әлі алда. 2021 жылы да істелуге тиісті ауқымды міндеттер тұр, – деді аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы.

Байбатыр  АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.