Медициналық көлік қызмет көрсетеді

Көктем айларынан бастап «Жылжымалы емхана» болып табылатын  медициналық диагностикалық кешен ауданды аралап, шалғай ауыл тұрғындарына мамандандырылған консультативті диагностикалық көмек көрсетпек

Қостанай  облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық  “СарыарқаАвтоПром” ЖШС кәсіпорынында жасалған озық технологиялық құралдармен  жабдықталған 10 жылжымалы мобилді медициналық диагностикалық кешен алынды. Мәселен, біздің аудандық аурухана да өзінің материалдық-техникалық базасын “Флюкар” жылжымалы көлігімен және медициналық диагностикалық кешенімен толықты. Қазіргі таңда флюрографиялық кешен ауыл-аймақ тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде. Туберкулездің алдын-алу мақсатында ақпараттық насихат жүргізіліп, тұрғындардың денсаулығы тексерілуде. Сонымен қатар, облыстық бюджет деңгейінде Ақшығанақ, Қызбел, Қарасу, Шилі және Тәуіш ауылдарына  жаңа  жедел-жәрдем көліктері берілген.  Аудандық ауруханаға тұрғындардың денсаулығын уақытылы тексеру, көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулер жүргізу мақсатында заманауи жылжымалы диагностикалық медициналық кешен алынғандығы көңіл қуантады. МДК ерте созылмалы жұқпалы емес аурулар мен олардың даму қаупі факторларын анықтау мақсатында аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда тұратын ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын терең тексеруге арналған.  Аталған кешен арқылы тұрғындарға көшпелі түрде профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп, азаматтардың денсаулық жағдайына диагностикалық зерттеулер өткізуге мүмкіндік мол.

Отандық өндіріс негізінде құрылған жылжымалы диагностикалық медициналық кешендер далада диагностикалық зерттеулердің кең ауқымын өткізуге мүмкіндік береді. Жылжымалы медициналық кешен жұмысы  жеке  терапевтің, ультрадыбыстық дәрігердің, гинекологтың,көз дәрігерінің және зертхана қызметінен тұрады. Кешен қажетті диагностикалық және зертханалық құралдармен жабдықталған 7 кабинеттен тұрады: жалпы қабылдау кабинеті, жалпы тәжірибелік дәрігер (терапевт)  аймағы, талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалдық диагностика кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, сондай-ақ сәулелік диагностика кабинеті бар. Сонымен қатар, мобильді медициналық орталықта арнайы қорғасынмен қапталған бөлме орнатылған, онда рентген және флюорографияны қауіпсіз жасауға болады Анализаторларға биохимиялық, гематологиялық, коагулограф, лейкоциттер, қан алу және тасымалдау үшін тоңазытқыш кіреді. Толықтай алғанда МДК алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейін жоғарылатуға, ана мен баланың денсаулығын жақсартуға, алғашқы сатысында әлеуметтік маңызы бар аурулардың басталуы мен таралуына жол бермейді.

– Медициналық кешеннің ерекшелігі – бір күнде 100-ге жуық адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады. Кешеннің көмегімен алпыстан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар. Профилактикалық тексеру арқылы сырқатты ерте анықтау, шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін медициналық қол жетімділікті арттырып, диагностикалық тексерулерді ұйымдастыру барысын жеделтеді. Шалғай аймақтарға жол жүру деңгейі жақсарғаннан кейін, МДК арқылы көптеген қажетті профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шарасын жүргіземіз, – деп атап өтті Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігері Қуат Райханұлы.

Тұрғындарға медициналық және скринингтік тексерулер мен басқа да көмектер көрсетілмек. Ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімдігін арттырады. Кешен толықтай жұмысын атқарар болса,  дәрігерлер де азаматтарды толық тексеруден өткізіп, ауруды дер кезінде анықтауға септігін тигізеді. Шалғай ауылдағы тұрғындар үшін бұл диагностикалық кешен сапалы және өте тиімді. Медициналық кешеннің тағы бір ерекшелігі – автономдық жүйе, автобуста 16 Кв генератор орнатылған, ол қалалық электр желісінен де жұмыс істей алады. Толық термооқшаулау және антиковид жүйесі қауіпсіз жұмыс істеу үшін оңтайлы жағдай жасайды. Ал автоматтандырылған пандус-лифт мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау үшін ыңғайлы. Жылжымалы кешенді көліктін бөлмелері компьютер, биохимиялық анализатор, гематологиялық анализатор, коагулограф, таразы, отоскоп, офтальмоскоп, лейкоциттер есептегіші, УДЗ, ЭКГ,  глюкометр сияқты заманауи цифрлық жабдықтармен жабдықталған.

Бұл ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, еліміздің шалғайдағы және қатынауы қиын өңірлерінде тұратын ауыл халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау негізінде іске асырылып отыр. Қабылданып жатқан шаралар өңіріміздің медицина қызметкерлерінің жауапкершілігімен және кәсібилігімен бірге аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және сақтауға елеулі үлесін қосады деген сенімдеміз.

                      Аякөз ҚОЖАБЕКОВА

Қостанай өңірлік университеті

журналистика мамандығының

 4 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданында су жырған жолдар қалыпқа келтірілуде

Тасқын судан зардап шеккен аудандардың бірі әрі күрделісі Жанкелдин ауданы болып саналады. (далее…)

3 дня ago

Жанкелдин ауданы Саға ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Қуанышпен қауышқан жанұялардың жүзі жарқын. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.