Мереке қарсаңындағы марапат

Еленген еңбек – ер беделі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Шота Оспанов ауданымыздың әлеуметтік – экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға естелік төсбелгі мен медальдарды салтанатты түрде табыс етті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы “Қазақстан Республикасы “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің “Құрмет белгісі”  төсбелгісімен марапатталды. Кеңес үкіметі кезінде әр салада қызмет жасап, елдік мәселелердің шешілуіне оң ықпал жасаған қария басшылыққа ризашылығын білдірді.

Ауданымыздың азаматтық қорғау саласындағы табысты еңбегі үшін “Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына 25 жыл” медалімен Серік Сапаров, Аңсаған Әбішев, Асылбек Жұмағали наградталды. Бұл азаматтар өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінде абыройлы еңбек етіп, қызметтік зейнеткерлікке шыққан аталмыш саланың ардагерлері.

Қазіргі таңда әлемге тарап жатқан пандемияға байланысты барлық даталы мерекелерді өткізуге шектеулер қойылды. Сондықтан биылғы жаңа жылды ән – күйсіз, от шашусыз, тіпті мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Қарша қызсыз қарсы алуға тура келіп тұр. Бір дастарханның басында балаларыңыз бен  немерелеріңіздің әсем әнін, тақпақтарын тыңдап, марқайып отырғанға не жетеді. Сиыр жылы тек сый – құрметімен, қуаныш бақытымен, берекелі ырысымен келсін деп тілейік.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.