Сіздерді 2021 жыл Жаңа Жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекелеріміздің бірі.
Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген нық қадаммен аттағанды қалайды.Олай болса, осы шырайлы мерекеде, әр отбасына құт-береке, бақыт тілеймін. Кеше гаға босағамыздан аттаған сиыр жылы сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Сонымен қатар, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық, отбасылық ырыс пен кәсіби жетістіктерге жетелесін.
Жаңа жылда тың шығармашылық ойлар, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімге толы жылы болсын! Аяқ басқан Жаңа Жыл Тәуелсіз елімізге саяси, әлеуметтік экономикалық және рухани өсу жылы болып, айбынын асқақтатып, мәртебесін одан әрі биіктетер жыл болғай!
Абылай ҚОЖАҚОВ,
Жангелдин аудандық соты
төрағасының міңдетін атқарушы
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.