Өткенді ұмытып – келгенге құшақ ашайық

Сиыр жылы берекелі мерекелі жыл болсын

Тышқан жылы елімізге жалпы әлем елдеріне  қауіп қатер төндірді. Жұқпалы індетпен күрес жолында бір жылды тарих қойнауына жібердік. Өткен тарихтың болжамына зер салсақ, “Қазақ халқы тышқан жылын молшылық, береке, татулық, тыныштық жылы деп санаған. Тышқан жылы қазақ тарихында қиыншылық, аштық, жұт немесе жаугершілік секілді есте қаларлықтай оқиғалар бола қоймаған. Керісінше, бұл жылдардың көбін көшпелі бабаларымыз мамыражай тірлікте, молшылықта өткізіпті”, – дейді мыс.

Ал, жиырма бірінші жылдың тышқаны  “COVID -19”  атауымен мәңгі есте қалары сөзсіз. Тыныштықтан маза кетті. Қиыншылықты үстін – үстін еселеді. Жаугершілік болмаса да аты өшкір жұқпалы індет жаудан бетер жаулады. Жанымызды жабырқатып, жақынымыздан алыстатты. Бетперде киіп, тұмшаланып жүруді сәнге айналдырды. Қашықтан оқуды санаға құйды. Ұял телефонды балалардың айырылмас досындай қылды. Кешкілік үйде отыруды үйретті. Қонақжайлылықты сейілтіп, қолда барды үнемдеуді көңілге тоқытты. Қысқасы, жақсылығы да жамандығы да қатар болды. “Дос түгілі – дұшпанның басына бермесін” деген нақыл сөзді тілектің орнына амалсыздан қолдандық. Басқа түскен ауыртпалықтың барлығы ескі жылмен бірге кетсін. Елімізді тек бақыттан, шатттықтан, қуаныштан айырмасын. Сиыр жылын да тыныштық, ырыс – құт, несібеміз мол болсын.

Этнографтардың болжауынша “Қазақ күнтізбесі бойынша сиыр жақсы, жайлы жылдардың бірі деп саналады. Себебі, жаман жылдар тарихта бар, мысалы, қоян жылы қазақ күнтізбесі бойынша ең жаман жыл. Тышқан жылы, жылқы жылында соғыс, ұрыс-керіс болған. Сиыр жуас, момын мал”. Сондықтан жақсылығы көп деген сөзге тоқтаймыз. Сиыр жылы құрғақшылық мүлдем болмайды екен. Ауылшаруашылық саласына қолайлы жыл дейді. Лайым жылда солай болғай! Сиыр жылы жоспарлаған істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол болсын. Мол табыстарға кенеліп, жетістіктерге жетіңіздер. Бір жылға қорытынды жасап, алдағыға жоспар құру дәстүрлі іс. Өткен жылдың қиыншылықтары мен сәтсіздіктерін енді басқа бермесін. Жаңа 2021 жылы үкілі үміттеріміз ақталып, әр отбасыға ырыс пен береке әкеліп, көңілдерге қуаныш ұялатсын.

Байбатыр  НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

7 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.