Елімізде болып жатқан індеттің салдарынан шағын және орта бизнеске ауыр соққы болды
Кәсіпкерлердің жұмыстары тұралап қалды. Осы орайда, Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шараларын қолға алуды тапсырды. Біраз уақытқа кәсіптері тоқтаған кәсіпкерлерді мемлекет қайта қолдап, істерін жалғастыруға мүмкіндік жасады.
Аудан бойынша, “Бизнестің жол картасы 2025” бизнесті қолдаумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кредиттерді субсидиялау және кепілдендіру бағдарламасы аясында несие беру жұмыстары жүргізілуде. Берілетін несие көлемі 5млн теңге. Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры кепілдік беретін несиені, 24 айға 6 пайызбен алуға мүмкіндік қарастырылған. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері Олжас Еркіновтың айтуынша, кәсіптерін кеңейтіп, не болмаса жаңадан кәсіп бастауға ниеті бар азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі өтінім беру онлайн түрде жүзеге асады. Қажетті құжаттарды жіберіп тез арада жауап алуға болады.
Мемлекеттен беріліп жатқан бұл мүмкіндікті аудан бойынша он үш жеке кәсіпкер алған. Бірі кәсібін қайта ашса, енді бірі өз кәсібін кеңейтіп халыққа қызмет жасауда. Жеке кәсіпкер Мирас Әбеновте аталмыш несиені алып, “Аида” фото/ компьютерлік қызмет көрсету орталығы ішінен арнайы бөлме жасақтап тұрмыстық, химия заттарын сату дүкенін ашты. Жас кәсіпкер өз қаражатымен 2013 жылдары кәсібін қолға алған. Фото және компьютерлік қызмет түрлерін көрсетеді. Жоғары деңгейде қызмет көрсетіп отырған орталықтың жұмысына халық дән риза.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.