Ұлттық құндылықты ұлықтаған күн

Аудандық тілдерді оқыту орталығының ұжымы “Ұлттық тағамдар” күніне орай жас келіндер арасында “Kelinder ashanasy” атты байқау өткізді

Оған өздерінің бақтарын сынап, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жаңажыл Кемелтаева,  Н.Иванов атындағы  жалпы білім беретін мектебінің тарих мұғалімі Замира Жамшитова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері   Гүлназ Сейтқазиева, Торғайдың мұражайлар кешенінің қызметкері Айжан Шаяхметова қатысты.

“Мен қазақтың келінімін” бөлімінде байқау үміткерлері өздерін жыр – шумақтары арқылы таныстырды. Сайыстың ережесі бойынша “Бәйге” бөлімінде (салт-дәстүр, әдет –ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап беру). Аса қиын сұрақтар болған жоқ. Десекте, жас келіндер салт – дәстүр төңірегіндегі сұрақтар нақты жауап таппай мүдіріп қалды. Тек лезде жауап берген Жаңажыл Сәбитқызының бұл бөлімде ұпайы басым болды. Ал, “Қонақ күте білеміз бе?” бөліміне барлық қатысушылар сақадай – сай дайындалып келген. Аспаздық өнерлеріне таңқылап, таңдай қақтық.

Ұлттық тағамдардың түр – түрін дайындаған келіндер, оның жасалу жолдарын түсіндіріп, айтып берді. Айтпақшы, байқау үміткерлерінің үстіндегі “Kelinder ashanasy” деп латын қарпімен жазылған белдемшені ұйымдастырушылар арнайы тапсырыс беріп тіктірген. Қазылар алқасы қорытындылай келе, Замира Серікқызы мен Айжан Бақытқызына 3 орынды тең бөліп берді.           2 орынды Гүлназ Болатбекқызы иеленді. Жүлделі 1 орынды Жаңажыл Кемелтаева жеңіп алды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бай – АХМЕТ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.