Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаевтың төрағалығымен «Президенттік жастар кадрлық резерві» жөнінде мәжіліс өтті

Аталған мәжіліске мемлекеттік мекемелерде қызмет жасап жатқан аудан жастары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбек Сейтқазиев кадрлық резервтер жайында түсінік беріп, бастапқы ережелерімен таныстырды.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін алға қойған болатын. Өз салаларында белгілі бір жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар резервке қойылып, елдегі жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалатындығы да айтылды. Президенттік жастар кадр резервіне өткен үміткерлердің саяси және жоғары басқарушылық әкімшілік және ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарын атқауға мүмкіндік алады. Жалпы, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелер, әлемдегі жаһандық өзгерістер, қоғамның әл-ауқаты, басқа да қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Бұл ретте, құзіреттілігі жоғары жаңа форматтағы көшбасшыларды дайындау мемлекеттік аппарат үшін өте маңызды.

Резервке тағайындалғанға дейін үміткерлерді арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытады. Резервшілер үшін олардың таңдау нәтижелері бойынша сарапшылардың ұсыныстарын ескерілетін болады. Олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін қосымша білім алуға, халықпен жұмыс істеу құзыреттілігін арттыруға, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеуге, шектеулі жағдайларда жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сондықтан мемлекеттік қызметте жүрген жастар бақтарын сынап, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдейтін қолайлы сәтті құр жіберіп алма игі.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.