Categories: Новости

«Музей түні» жобасы жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырды

Онда олар Торғай тұлғаларының еңбектерімен танысты

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша «Музейлер шеруі» атты жалпы республикалық акцияны іске асыру барысында Торғайдың  мұражайлар кешенінің ұйымдастыруымен «МУЗЕЙ ТҮНІ» жобасы аясында А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы  мұражайында  егеменді қазақ елінің төл теңгесінің жаңа үлгісін әзірлеуде, айналымға енгізу ісіне еңбек сіңірген, өркендеуіне зор үлесін қосқан экономика ғылымының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік банк ісінің үздігі ,жерлесіміз Ғалым Байназаровтың 75 жас мерей тойына  өмір және еңбек жолына арналған көрменің ашылу салтанаты өткізілді.

Бұл ауқымды  іс-шараға  Ғалым Байназаровтың туыстары, қызметтестері,  жергілікті билік өкілдері аудандық «Біздің Торғай» редакциясының журналистері және аудан тұрғындары қатысты. Көрменің ашылу салтанатында    аудан әкімі Шота Оспанов, қызметтегі ұстазы  Жұмақан Садуақасов құттықтау сөз сөйледі. Кеш барысында  қонақтар мен көрермендер мерейтой иесінің өзінің  видео арқылы жерлестеріне жолдаған жылы лебізін тыңдады. Сонымен қатар, телеарналарға берген сұхбаттары, қызметтестерінің видео арқылы құттықтаулары көрермен назарына ұсынылды.  Кештің  құрметті қонағы композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың ұрпағы жиені Жұпар Жалмұхамедқызы болды.

Композиторға арналған көрмені ашу салтанатының лентасын  аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы мен компазитордың ұрпағы  Жұпар  апамыз қиды. Б. Байқадамовтың Торғай даласынан шыққан алғашқы кәсіби композитор екендігін айта келе, Торғай-Қостанай өңірінің ізбасар шәкірттері Төкен Елтебаев. Болат Хамзин, Амина Сарманова, Ақторта Әбіловалар жайлы айта кетті.   Мұражай қорына  Бақытжан Байқадамов пен Данабике Каралдина – Байкадамованың портреттерін, композитордың зайыбы генерал  И.В.Панфиловтың қызы Валентина Ивановна жеңгесінің  өз қолымен салған миниатюраларын   сыйға тартты.   Кеш соңы мәртебелі меймандар құттықтаулар жылы лебіздерін білдірді.

Лаззат ЕРТАСОВА,

Торғай мұражайлар кешенінің бас қор сақтаушысы

Редактор

Recent Posts

Торғайлық кәсіпкер ата кәсіпті қалай дөңгелетіп отыр?

Тәуіш ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Тұрар Шүленов үш буын бойы үзілмей келе жатқан отбасылық кәсіпті…

15 часов ago

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

2 дня ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

2 дня ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.