Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық мәслихаттың депутаттары Серәлі Тәжібайұлы, Манат Карбозов және облыстық кәсіподақтар ұйымы төрайымының орынбасары Ерлан Серікұлы, «Сенім» қоғамдық бірлестігі, облыстық кәсіподақ ұйымы төрайымының орынбасары Дина Сәкенқызы арнайы жұмыс бабымен ауданымызға келді. Қайырымды істің қамқоршысы болған халық қалаулылары алдымен Жаркөл ауылдық округіне аялдады.
Сол ауылдың тұрғыны, тілсіз жаудың (өрттің) құрбаны болған марқұм Текебай Әбдібекұлының шаңырағына ат басын бұрып, жанұясының хал – жағдайын сұрасты. Қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған отанасы Сайлаугүл меймандарды жылы шыраймен қарсы алып, қонақ бөлмеге кіргізді. Облыстық мәслихаттың депутаттары келгендегі басты мәселені айтып, балаларына базарлық жасап, оқу құралдарын, мектеп формаларын тапсырып, азық – түлікпен қамтыды. Шеттей жеті баласымен шарасыз қалған ана екі жыл қатарынан көмек беріп, қамқорлық танытқан халық қалауларына аналық алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Жанарларына қуаныш ұялаған балалар енді мектептке именбей баратын болды. Депутаттар бұл үрдіс алдағы жылы да өз жалғасын табатынды деп сенім білдірді.
Хош, сонымен облыстық мәслихаттың депутаты Манат Кәкімжанұлы «Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Жергілікті тұрғындарын күрмеуі шешілмей жүрген мәселелерді алға тартты. Оның ішінде еңбекақысын ала алмай жүрген жергілікті екі тұрғын шағым айтып, көмек сұрады. Олар бұған дейін келісім шартсыз жеке фирмаларға мерзімдік жұмысқа тұрған. Ал, жұмыс беруші тарап, ауызша келіскен еңбекақысын толық төлемеген. Тұрғындардың арыз шағымдарын бастан аяқ тыңдаған халық қалаулысы, мәселенің мән ісін заң органдары арқылы шешіп беретіндігін айтты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.