Шалғайдағы Милісай ауылы бірер жыл бұрын «Болашағы жоқ» ауылдар қатарына еніп кетіп, халық біраз әбігерге түскен еді. Тұрғындардың бойын үрей биледі
Ауыл аспаны түнеріп, елмен бірге мұңайғандай болды. Бірақ, ауылдықтардың жігері жасыған жоқ. Керсінше, намысқа тырысып, ілгері қадам басты. Одан бері көптеген жұмыстар атқарылып, ауыл еңсесін тіктеді. Ауылдың қазіргі ажарын, хал-ахуалын көрген адам аузының суы құрып көпке дейін әңгімелер еді. Мәселен, бүгінде Милісай елді-мекенінде бос тұрған бірде-бір үй жоқ. Сыр елінен келген отбасылар тұрақтылық тауып, жыл сайын Милі жұртының санын көбейтіп келеді.
Ауыл жастарының ұйымшылдығы да Милісайдың жедел дамып, тіршілік ағысының оң бағытқа ауысуына ықпал еткендей. Бірер апта бұрын ғана қоштасқан қасиетті Рамазан айы бұл ауылға берекелі болды. Ауыл ертеңі үшін тынғылықты жұмыстар жасалды. Атап айтар болсақ, ауыл халқы қарқынды түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, ескі ғимараттардың орынын түгел тазалады.
Сондай-ақ, ел жанашырлары ірі кәсіпкерлерді демеушілікке тартып, нәтижесінде іргелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, кәсіпкер Елдос Жаншора 500 түп Алматы терек ағашын сыйға тартты. Көшет отырғызу жұмыстарын ауыл азаматтары мойынына алып, ауылдың ішкі-сыртқы көрінісінің гүлденуіне өз үлестерін қосты. Көкшетаулық ақын Әлібек Серғалиев ауыл клубына үй кинотеатрын сыйлады. Кәсіпкер Асхат Шалғынбаевта өз жомарттығын көрсетпекші. Ол ауылға екі пәтерлі үй салып беремін деп уәде берді. Ауылдың 84 жылы туылған азаматтары мектепке спорт құралдары мен киімдер тарту етті. Сондай-ақ, Рамазан айының ыстығына қарамастан, ауыл жастары бірлесе отырып, «Наурызбұлақ» саяжайында халық демалатын демалыс кешенін ашуға ықпал жасады.
Нәтижесінде, саяжайда монша, футбол, волейбол алаңы, тапшандар құрылып, көркейе түсті. Қызылорда облысынан Милісай ауылына көп балалы жас отбасының көшіп келгенін ерекше атап өтуіміз керек. Бұл көш – берекелі айдың берекесін кіргізе түскендей. «Елге ел қосылса – құт», – дей отырып, Милі жұрты ауылға көшіп келген отбасыларды қуана қарсы алып, жатсынбай, бауырларына тартып, ағайындық көрсетіп келеді. Қашанда қолда барын туған жерінің түлеуіне, жерлестерінің игілігіне жұмсауға тырысатын ауыл азаматтары елге келгендерге қолда бар көмегін көрсетіп, олардың тұрақтануына барынша күш салды. Осылайша, тараудың аз-ақ алдында қалған Милісай ауылына тамырына қаны жүгіріп, «болашағы жоқ» деп танылған ауыл, болашағы жарқын екенін дәлелдеді.
Ел еңсесін көтергеннен кейін ауыл жанашырлары мешіт салып берді. Қазір облыс орталығынан тым шалғайда жатқан шоқ жұлдыздай шағын, ауызбірлігі мықты ауылда имандылық шуағы шалқиды. Әркім өз күштерімен үйіне су тартып, қала тіршілігінен кем түспейтіндей жағдай жасап алған. Мал, астық өсіріп, ауылдастарына жұмыс тауып беріп отырған кәсіпкерлер де бар. Бар-жоғы 45 үй ғана! Енді осы елді – мекенді қай топқа жатқызар едіңіз? Милісай ауылының ілгері ұмтылудағы қарқынын көріп, даму әлеуетін үйлердің санына қарай жіктеу – біржақты көзқарас па деген ойға келесің…
Осы игілікті істің ұйытқысы болып отырған ауыл азаматы Қайрат Ділхановқа ел дән ризашылықтарын білдіруде. «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді». Сондықтан, ауылды тастап кету – мүмкін емес. Қандай да бір жағдайға байланысты басқа жаққа қоныс тебуге мәжбүр боларсың, бірақ жаның ауылда өмір сүреді. Өзі ауылда тұрақтай алмаса да, туған жердің түтіні үзілмей тұруын кім де болса қалайды емес пе?! Ал, тілекке қоса жәрдемдес болу – нағыз ердің ғана қолынан келсе керек. Бүгінгі атқарылған істі көзімізбен көре отырып, Милісай ауылының әр азаматы нағыз ер, шынайы тілектес жандар екеніне күннен күнге көзіміз жетуде.
Толқын АБДРАХМАНОВА
С. Мәуленов атындағы жалпы білім
беретін мектептің оқу ісінің меңгерушісі
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.