Әдет – ғұрып, салт – дәстүрлер жаңғырған күн

Ертеде ата – бабаларымыз ырым – тыйымдар мен салт – дәстүрлерді ерекше дәріптеген

“Қазақ ырым етсе, қырым кетеді” деген сөз көлденеңнен көк аттылардың айта салғаны болса керек. Күнделікті өмірімізде бір нәрсені ырымдап жасасақ, түбінде қайыры бар екенін жақсы білеміз. Бір жағынан ырымдау – ұлттық салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарды қалыптастыруға ықпалы зор. Қазіргі кезде қазақтың кейбір салт – дәстүрлері ұмытылып бара жатқаны да шындық. “Бесік салар”, “Тұсау кесер” дәстүрлерін жиі өткізгенмен басқа маңызды салтымызды ғұрыптау кенжелеп отыр. Ал, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру бүгінгі ардақты әжелеріміз бен ақ жаулықты аналарымыздың міндеті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын он күн тойлауды жария етті. Мақсат, елдігіміздің нышанына айналған қайырымдылық шараларды, өткенге тағзым жасауды, игілікті істердің ұйытқысы болуды насихаттау. Осы тұста аудандық мәдениет үйінің ұжымы “Көрісу”, Шежіре”, “Шымырлық пен шеберлік” “Игі істер” күндерін негізге алып, бірқатар игілікті жұмыстарды атқарды. Оған дәлел “Жоралғы” күніне орай аудан орталығындағы ардақты ана, өнер жанашыры, мәдениет саласының ардагері Рыскүл Кәрімқызының            шаңырағына барып, Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Тайға өңгеріп әкелген қазақы қоржыннан алып, “Жоралғы” жасады. Қазақтың “Жоралғы” салтын жаңғырта келген меймандар наурыз көжеден дәм татты. Рыскүл апамыз алғысын білдіріп, аналық ақ батасын берді.

Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бірі. Жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет. “Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қазақ халқы ата-баба дәстүрін осылайша қадір тұтқан.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.