Белсенді жастармен жүздесу

Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов  әр саланың  белсенді  жастарымен кездесті.  Кездесу барысында  көптеген  мәселелер  қаралып,  жастар  тарапынан  ұсыныстар айтылды

Еренбол  Қайырбекұлы  ауданның  ілгерілеуі,  қарыштап  дамуы  тікелей  жастарға  байланысты екенін  айтты. Алдағы  уақытта  жастармен  тығыз  байланыста жұмыс  жасайтындығын тілге тиек етті. Кездесуге  әр  сала бойынша жиналған   жас мамандар  жасалып  жатқан  қолдаулардан бөлек,  кемшілік  тұстарын  ашық  жеткізді. Ойларын  ортаға  салды.  Көкейлерінде  жүрген  сұрақтарын  қойды.

Сондай-ақ, елден кетіп  жатқан  жастардың “ Не  себепті  кетуі  мүмкін ?” деген аудан әкімінің  орынбасарының  сауалына,  әр  тараптан   әр  түрлі  пікірлер айтылды. Қазіргі  таңда мектеп  ұстаздарының көптігіне  байланысты  сағаттың  жетіспеушілігі үлкен  мәселе болып отыр.  Әсіресе  денешынықтыру  пәнінің  мұғалімдерінің  көптігінен аз  сағатпен  жүрген  жас ұстаздар,  алдағы  уақытта  бітіруші  студенттер келсе сағаттың  тағы  қысқаруы  мүмкін  деген  алаңдаушылықпен  жүр.  Ол, рас  қазір  екінің  бірі, ер балалардың  басым  көпшілігі    осы  мамандыққа  түседі.  Бірақ,  ауданда олардың  барлығын  қамтуға   сағат  жоқ екенін  ескермейді.  Сол  себепті де  болашақ  түлектер  ауданда  жоқ,  қажетті  мамандықтарды  таңдау  керек. Ал, жұмыссыз  жүрген  жастар  үшін,  кәсіпкерліктен  келген  Олжас  Еркінов  қайтарымсыз  несие  алып өз  ісін  дамытамын  деген  жастарға  қашанда  қолдау  бар екенін баса айтты. Кәсіппен айналысып, жастар  жаңа  бір  жұмыс  орнын ашып, кәсібін  неге дамытпасқа?  Әрине, барлығын  жұмыспен қамту үшін ауданда  үлкен  кәсіп орын жоқ. Дегенмен,  мемлекеттен  қолдау  бар  екенін  көріп отырмыз. Олай  болса  осы  мүмкіндікті  қалт  жібермеу керек.  Ауданда  жастардың  уақытын  тиімді  өткізу  үшін,  арнайы  орын  болса  деген  ұсыныс та айтылды. Жазғы  уақытта  студенттер  келгенде  ұлттық құндылықты  насихаттайтын шараларды  көптеп  ұйымдастыруды  қолға  алу керектегі  сөз арасында  аталып өтті.  Аудан әкімінің орынбасары жастардың  ұсыныс  пікірлерін,  алдағы  уақытта ескеретінін жеткізді.

Жастар  болған соң  тың  идеялар  өте көп.  Алдағы  уақытта  осындай кездесулер жиі  өткізілсе екен  деген  тілектер көп болды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.