Байқаудың жүлдегері атанды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі әлеуметтік желі арқылы «Ең белсенді оқырман» атауымен байқау жариялаған болатын. Аталмыш шараға кітапты сүйіп оқитын және өзі де шығармашылыққа жақын оқырмандар бел шеше қатысты

Қорытындысында тілге жүйрік, кітап оқуды әдетке айналдырған оқырмандардың бірі қостанайлық Айна Ибраева жүлделі ІІ орынның иегері атанды.

Ол: Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі шекарашылардың парақшасында жарияланған ақпараттардың барлығын үнемі оқып тұрамын. Мен үшін шекарашылардың қызметі өте қызықты. Байқаудың жарияланғанын оқыған кезде, қатысуға бірден шешім қабылдадым. Бес досымды белгілеп, өзімнің парақшама шекарашылардың қырағы қызметі туралы жазылған туындыларым жөнінде ойымды жаздым.

Сырбай Мәуленовтің “Шекарашылардың иті туралы баллада” туралы шығармасына шағын пікірімді жаздым. Ағамыздың жазған балладасы жүректен жүрекке жететіні рас. Бұл үзіндінің басты көрінісіне «Шекарашының итіне деген махаббаты» деп ат қойсақ та болады. Шекарашы сарбаздың  итіне деген аяушылық сезімі, қиын қыстау кезіне қимауы және де итінің де дәл солай иесіне деген адал қызметі бір жағынан достықтың да мағынасын беріп тұрғандай. Шекарашының жауынгерлік қызметі төрт аяқты адал досы – итімен бірге жүзеге асады… Кенеттен сарбазды шекара шебін бұзушылар аяғын жаралап қамауға алады. Сондағы итінің иесін қимастықпен күткен сәті терең мағына беріп достықтың сиволын көрсеткені деп есептеймін.

Фатима Шыңғысованың “Қайсар рухты қырандар” атты кітабы  2005 жылы басып шығарылған болатын. Кітап: «Екі баламнан айырылдым және де олардың өлімі маған оңай тиген жоқ», – деген Фатима апамыздың сөзімен басталады. Ана қайғысы бәріне түсінікті деп ойлаймын. Иә, бұл кітап Фатима апамыздың екі қайсар баласы туралы еді. Менің ойымша, мұндай кітап өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Департаменттің бас тәрбиешісі подполковник Дарын Кекілов Айна Ибраеваға Қостанай облысы бойынша Департаментінің жеке құрамы атынан шығармашылық табыстар тіледі. Жүлдесімен шын жүректен құқттықтап, Айна Ибраеваны келешекте тек оқырмандарымыздың қатарынан көріп қана қоймай, шекарашылардың өмірі туралы туынды жазатын авторлардың да қатарын көбейтетініне сенімнің мол екенін жеткізді.

Манарбек Қарекенов,

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.