“Үздік ерікті -2020”

Ауданымыздың ерікті жастары марапатталды

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Ондағы басты мақсат – ерікті қызметке жастарды тарта отырып, қоғамда белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру. Жолдауда аталып өткендей азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше. Бүгінде күн санап оған көзіміз жетіп келеді. Мәселен, аудан жастарынан құралған ерікті жастар бірқатар игілікті шараның бастамашысы болды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен белсенді жастар қоғам қозғалысының мұрындығына айналды.

Әлемді жайлаған жұқпалы індеттің алдын алу үшін еріктілер, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан еріктілері ағымдағы жылдың ең өзекті мәселесі COVID-19 вирусы таралуына байланысты қолдан бетперде тігіп аудан жұртшылығына таратты. Үйлерінен шыға алмай отырған қарт кісілерге, аурухана медбикелерімен қатар волонтерлар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Пандемия уақытында «БІЗ БІРГЕМІЗ», «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ» атты акциялары аясында аудан халқына сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Елімізде болып жатқан індетке қарамастан, Волонтер жастардың акцияларын жалғастырмақшы. Аудан тазалығын сақтау мақсатында эко акциялар ұйымдастырылды. «ТАЗА ӘЛЕМ», «ЭКО LIFE», «ТАЗА СУ АЙДЫНЫ», «ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІК» жалпы тазалық акциялары аясында жұмыстар атқарылды. Еріктілер  аудан  төңірегінде болып  жатқан  қоғамдық жұмыстарға  белсенді  атсалысты. Жалпы аудан  бойынша, “Жалын” Жангелдин аудандық  Жастар ұйымы,2018 жылы құралған “Мейірім” еріктілер штабы, 2020 жылы  тамыз айында  аудан  жастарынан құралған “Шын жүректен” еріктілер ұйымдары  жұмыс  жасайды. Құрылғанына  аз  уақыт  өтседе “Шын  жүректен”  еріктілер  ұйымы  бүгінде   бір отбасының  баспаналы  болуына  себепші болды.  Аудандық  жастар ресурстық орталығының  қызметкері Ерлік  Қуанышұлы мен  “Шын жүректен” еріктілер  ұйымының  жетекшісі Мәдина  Сенбекқызының  бастамасымен ерікті  жастар  арнайы қор  ашып, қаражат  жинады. Олар жиналған  қаражатқа  Сәрсен Мұхамеджанұлына  үй сатып алып берді. Сондай-ақ, үй  құжаттарын   сол кісінің атына  рәсімдеді.

Ерікті  жастардың  жыл бойы  атқарған  жұмыстарын қорытындылау үшін аудандық  мәдениет  үйінде  “ Үздік ерікті -2020” премиясы өтті.

Оған аудан  әкімі Шота Оспанов, аудандық  мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин  қатысты.  Алғаш құттықтау  сөз  сөйлеген  аудан басшысы Шота  Сәбитбекұлы  ерікті  жастардың  еңбектерін  бағалап,  аудан  жұртшылығы  атынан  шексіз  алғысын  жеткізді.  Сонымен қатар, белсенділік  танытқан  он жеті  ерікті жастар және аудандық аурухана, жергілікті полиция бөлімі мен  аудандық  мәдениет үйінің  ұжымын, “ Мейірім”,“ Шын жүректен” еріктілер  ұйымдарын  марапаттады.

Аудан жастарының  атынан  сөз  алған ерікті Гүлжан  Бөлеген  алдағы  уақытта  игілікті  іс  шараларды дәстүрлі түрде жалғастырып,  туған елге, туған жерге деген жастардың патриоттық  сезімдері  ешқашан  өшпейтіндігін  тілге  тиек етті. Соңынан  марапат иелері естелік  суреттерге  түсті.

Аягөз  ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылына жаңа үйлер салынады

Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындары баспаналы болады (далее…)

1 день ago

This website uses cookies.