Сақтық шаралары назардан тыс қалмасын
Әлемді жайлаған індетпен күресте дәрігерлердің еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Бірақ, сонда да ақ халатты абзал жандардың емдеріне көнбестен, тағдырына жазғандарын көріп, өмірден кеткен жандар қаншама. Емделіп жатқандар мен жұқтырғандар санында шек бар ма?
Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап имамдарымыз бен дін өкілдері қанша уағыз айтса да жадымызға сақтамай келеміз. Өткен жолы Қазақстан мұслмандар діни бақармасының төрағасы бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, пандемияға қатысты діни шешім шығарып, маңызды ережелер қабылдағанын тілге тиек етті.
“Аталған құжаттар ішінен “ҚМДБ-ның қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуасын” айтуға болады. Аталмыш пәтуада жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға үндедік. Халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы сияқты рәсімдерді елімізде індет жағдайы толық тұрақталғанға дейін тоқтатуға шақырдық. Имамдар осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуде”, – деді Бас Мүфти.
Бізді бір жерге жинап, ұйымшылдықпен талап сақтауға, ережені орындауға үйреткен карантинге рахмет. Бірақ біз келер жылдан, “Локдаун”, “Коронавирус”, “Карантин” сөздерін естігіміз келмейді. Сондықтан, барынша қорғанып, қатаң режимді сақтап, денсаулығымызды күтейік. “Сақ жүрсең- сау жүресің”.
Жансая СӘБИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік
университетінің журналистика
мамандығының 3 курс студенті
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.