1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Сужарған ауылының әкімшілік ұжымы қарттарға жылы шырай танытып, құттықтау мен мерекелік дастархан ұйымдастырды.
– Қазақ елінің асыл мерекесінің бірі, әрі ең төл күндерінің бірі – осы қарттар күні. Қарт көңілі кіршіксіз таза, жан дүниесі еңбек бағыттарының әр қырын бағындырған, баға жетпес өмір белестерінен алтын ой түйген ата, әжелеріміз. Өмірлерінің осы балауса тынық шағында, жас ұрпақтың өздеріне деген ыстық ықылас сезімін сезіну, олар үшін теңсіз бақыт және олардың күнделікті өмірлеріне кішкене болса да шуақ сыйлау біз үшін де үлкен мәртебе – деп сөз бастаған ауыл әкімі Берік Өтепбергенұлы қарттарға құттықтау сөзін арнады.
Ел іргесі бекем, келешегі жарқын, ұрпақ аман болсын деген қарттар, жасалған құрметке ерекше ризашылықтарын білдірді. Қашанда қазыналы қарттарымыз аман болсын. Қарттарды қадірлей білейік.
Аяулым Жаңбырбай
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.