Ауданымызға облыс әкімінің кезекті іс сапармен келді

Өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Өткен аптаның аяғында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданымызға іс – сапармен келіп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен аймақ басшысы Шұбалаң ауылындағы таскөпірге жасалған құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер «АЛЮМИНСТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Абай Мұқанов мердігерлікпен міндетіне алған жұмыстарын баяндады.

Газетіміздің алдағы санында таскөпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 71 274 822 теңге, облыстық бюджет есебінен 55 217 977 теңге қаржы бөлінгендігін айтқанбыз. Қомақты қаржы толығымен игеріліп, сапалы жұмыстар жасалған. Айт кетуіміз керек, Торғай – Арқалық бағытындағы тас жолдың да жөндеу жұмыстарын аталмыш мердігер жүргізген болатын.

Сондай – ақ, қазіргі таңда Аралбай – Көкалат бағытындағы жолды қалыпқа келтірудегі жұмыстарда қарқын алуда. Келесі кезекте былтырғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған «Торғай ауылын сумен жабдықтау» станциясына ат басын тіреді.

Мердігер Алматы қаласының «Асылтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өз жұмыстарына немқұрайлы қарағандықтан арадағы келісім бойынша жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі әлде қайда өтіп кеткен. Сондықтан облыс басшысы аталмыш мердігерге құрылыс жұмысын 15 қазанға дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Торғай ауылын сумен жабдықтау және қайта құрылымдау жұмыстарына 447 666 600 теңге қаржы бөлінген.

Сол себепті сапалы жұмысты талап ету орынды. Жаңадан салынған аудандық прокуратураның ғимаратын көрді. Жалпы, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Торғайдағы Көлқамыстың шебері

Жеті баланың әкесі техникадан түрлі көлік құрастырады. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданы: Ауыл мектебіне жасанды интеллект не береді?

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінде жасанды интеллектіні қолдану үрдісі бірте-бірте еніп келеді. (далее…)

4 дня ago

Торғай даласында кертағылар екінші рет төлдеді

Торғай даласында қайта жерсіндірілген кертағылардың саны артып келеді. Бұған дейін Қазақстанға әкелінген түз жылқыларының арасынан…

5 дней ago

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

1 неделя ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

1 неделя ago

Жангелдинде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.