Онда ақынның кітаптары мен марапаттары қойылды
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рахмет саған, туған ел» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы әдеби мұражайында жерлесіміз, айтыскер ақын, ұстаз-ғалым, «Шабыт» сыйлығының иегері, «Мәдениет саласының үздігі», «Айтыстың ақтаңгері» Айбек Қалиевке арналған экспозиция ашылды. Экспозицияда ақынның марапаттары, кітаптары, ғылыми еңбектері орын алды. Экспозицияның ашылу салтанатына ақынның өзі, туыс туғандары, достары, ауыл ақсақалдары, «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, Жастар ресурстық орталығының ұжымы қатысты.
Экспозиция лентасын кесу құрметі ақынның өзі және әулетінің үлкені Рақым Рыскелдин ағамызға берілді. Ашылу салтанатын «Торғай мұражайлар кешенінің» басшысы Гүлбану Құлетқызы жүргізді. Ашылу салтанатында сөз алған «Денсаулық жолы-1» қоғамдық бірлестігінің лекторы Хамзин Молдағали Хамитұлы. Экспозицияның ашылуында қазақтың салт-дәстүрі бойынша мұражай қызметкерлері және туған- туыс жеңгелері шашу шашты. Жұртшылықтың ықыласына бөленген ақынмен келушілер естелік суреттерге түсті. Экспозицияның ашылу салтанаты Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйіндегі «Рахмет саған туған ел» атты кездесу кешімен жалғасты.
Альбина ӘУБАКІРОВА,
Торғай мұражайлар кешенінің ғылыми қызметкері
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.