Жерлесіміз Гүлдәурен Әуезхан «Үздік студент» атағын жеңіп алды

Ол Қостанайдағы Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінің 1 курс студенті

Сарысу негізгі мектебінің түлегі, қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінің 1 курс студенті Әуезхан Гүлдәурен Жақанқызы «Үздік студент» атағын жеңіп алды. Ол «Bilim – orkenieti»  ұлттық иновациялық ғылыми – зерттеу орталығы «Жастар жылы» және «Еріктілер жылы» аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырлыған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып, үздіктердің үздігі атанды.

Гүлдәурен Жақанқызы мектеп қабырғасында оқып жүргенде шығармашылық жұмыстармен айналысып, өзінің бойындағы ақындық қабілетін таныта білді. 9 сыныпты «Үздік куәлікпен» аяқтады. 11 сыныпты Арқалық қаласындағы №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен тәмамдады. Мектепте оқып жүріп, оқушылардың «Ана өмір – ана бақ» атты республикалық жыр – мүшайрасында бағын сынап, бірінші орынды иемденді. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа қатысып, бірнеше рет облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Тоғызқұмалақтан «КМС» атағын қорғады. Тоғызқұмалақтан алғашқы ұстазы Әлімхан Смағұлов. Бүгінгі күні бағыт – бағдар беріп отыратын жаттықтырушысы Алпыс Инербаев.  Енді міне, жоғары оқу орнында да өзінің дарынды қабілетін дәлелдеп, Қазақстанның болашақта дамуына үлес қосатын көшбасшы маман болатныдығына көз жеткізді. Нәтижесінде аталмыш ұлттық иновациялық ғылыми – зерттеу орталығының директоры А.Сатылғановтың алғыс хатымен марапатталып, омырауына төсбелгі тақты. Гүлдәуреннің бұл жеңісі торғайлықтардың мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатары сөзсіз.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.