Ол Қостанайдағы Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінің 1 курс студенті
Сарысу негізгі мектебінің түлегі, қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінің 1 курс студенті Әуезхан Гүлдәурен Жақанқызы «Үздік студент» атағын жеңіп алды. Ол «Bilim – orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми – зерттеу орталығы «Жастар жылы» және «Еріктілер жылы» аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырлыған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып, үздіктердің үздігі атанды.
Гүлдәурен Жақанқызы мектеп қабырғасында оқып жүргенде шығармашылық жұмыстармен айналысып, өзінің бойындағы ақындық қабілетін таныта білді. 9 сыныпты «Үздік куәлікпен» аяқтады. 11 сыныпты Арқалық қаласындағы №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен тәмамдады. Мектепте оқып жүріп, оқушылардың «Ана өмір – ана бақ» атты республикалық жыр – мүшайрасында бағын сынап, бірінші орынды иемденді. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа қатысып, бірнеше рет облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Тоғызқұмалақтан «КМС» атағын қорғады. Тоғызқұмалақтан алғашқы ұстазы Әлімхан Смағұлов. Бүгінгі күні бағыт – бағдар беріп отыратын жаттықтырушысы Алпыс Инербаев. Енді міне, жоғары оқу орнында да өзінің дарынды қабілетін дәлелдеп, Қазақстанның болашақта дамуына үлес қосатын көшбасшы маман болатныдығына көз жеткізді. Нәтижесінде аталмыш ұлттық иновациялық ғылыми – зерттеу орталығының директоры А.Сатылғановтың алғыс хатымен марапатталып, омырауына төсбелгі тақты. Гүлдәуреннің бұл жеңісі торғайлықтардың мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатары сөзсіз.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.