Жастар жақсылықтың жаршысына айналды

Әр адамға үміт сыйлаған еріктілер

Тарлан тумаларымен мақтанатын Торғай шаһарының мейірімді, дара жастарын жиып-теріп айтуға шамаң жетпес. Газетіміздің алдыңғы бөлімінде ауданымыздың бірқатар жастарының атқарған қызметіне тоқталып өткен болатынмын. Біз сөз еткен “Волонтерлық” қызмет атқарып жүргендер қатары қаншама? Аудан жастарынан құрылған 240 еріктілер елдің ризашылығына бөленуде. Олардың жасап келе жатқан жақсылықтары өлшеусіз. “Ер есімі-ел есінде” демекші, ерікті жастардың халыққа атқарып жүрген жақсылықтарын ешкім ұмытпасы сөзсіз. Осы орайда тағы бірқатар жақсы жандар туралы айтып өткім келеді.

МАДИЯР НАҒАШЫБАЙҰЛЫ:

“Мейірім” еріктілер ұйымының меңгерушісі. Ауданымызда қоныстанған мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты, қарт кісілерге қол көмек жасап жүрген еріктілердің бірі. Аудандық “Бақытты отбасы”, “Жүрегім толы мейірімге”, “Бәрімізде бірдейміз, кемсітуді білмейміз” атты қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда мұрындық бола білді. Көптеген игі бастаманың басы-қасынан табыла білген Мадияр Әбдірахман “Барша жан иесі бақытты ғұмыр кешсе екен” деген ниетте.

ГҮЛЖАНАТ ӘДІГАМҚЫЗЫ:

Гүлжанат Қабылдажанның негізгі мақсаты қарт кісілердің тұрмыс жағдайын оңды қылу. “Балаларды қорғау күніне” орай қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын. Ұйым мүшелері өздері әзірлеген тағамдарды аудан жұртшылығына сату арқылы, түскен қаражатқа алаңдағы әр бүлдіршінге балмұздақ  сыйлады. Осы жобада Гүлжанат Әдігамқызы ерекше ынтасымен көзге іліге білді.

ЖӘНІБЕК ҚУАНЫШҚАЛИҰЛЫ:

Жаркөл ауылдық округі Тәуіш ауылы жастарынан құрылған “Алға” еріктілер ұйымының төрағасы. Ел үшін қызмет етуді ниет еткен Жәнібек Қуанышқалиұлы ауылды абаттандыруды басты мақсат еткен. Ауыл тумаларымен қатар белсенді жастармен бірлесе “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы “Туған жерге тағзым” жобасы аясында ауыл орталығына жастар саябағын орнату жұмыстарында белсенділік танытты. “Алға” еріктілер ұйымы алдағы таңда ауыл орталығына концерттік сахна орнату жұмысын жоспарлап отыр.

ҚАЗЫМОВА ЖАНСАЯ СЕРІКҚЫЗЫ:

Жансая Серікқызы алғашқы жұмысын қарт кісілерге көмек көрсетумен бастады. Облыстық “Жақсылық жаса”  қайырымдылық акциясы қарсаңында  интернат тәрбиеленушілеріне түрлі сыйлықтар табысталып, қызықты  ойындар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын.

АЯГӨЗ КӘКІМЖАНҚЫЗЫ:

“Шын жүректен” еріктілер ұйымының белсенді мүшесі. “Еріктілер жылы” аясында 7 жалпыұлттық жоба шеңберінде “QAMQOR”  бағыты бойынша жұмыс жасауды қолға алған. Аудандық “Ерікті болу жан қалауы”, “Жүрегім толы мейірім”, “Біз біргеміз” қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытып келеді.

Адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын ұғым-жақсылық. Адам бойындағы жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асырылады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Дәл сол секілді біз көмек берген жандардың өмірге деген ұмтылысы мен жігері жоғары болмақ. Айналадағы жандардың қуанышын көргенде, балаша бір қуанып, төбеміз көкке жетіп қалады.  Бұл өмірде бағасыз бақыт осы шығар….

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.