Тәуелсіз елдің жастары

Еркін елде туғаныма мақтанам

Тәуелсіздіктің төл құрдастары биыл 29 жаста. Егемен елмен бірге өсіп келе жатқан олардың мақсаты айқын, ойы азат. Керісінше болуы мүмкін де емес. Өйткені, 1991 жылы туған ел азаматтары бодандықтан бостандыққа аяқ басқан шақта өмір есігін ашты. Ал, бүгінде олар ел үмітін арқалаған жастық шақтан, бір үйдің жауапкершілігін арқалаған ана мен әкеге айналып отыр.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары дүние есігін ашқандардың бірі – Айбат Әбдір. Ол  Н.Иванов атындағы орта мектебінің  түлегі. 2010 жылы  Қостанай  қаласындағы  “Қостанай әлеуметтік  техникалық  колледжін”  тәмәмдап, қаржы мамандығын алған. 2013 жылы  Қарағанды  қаласындағы “Қарағанды экономикалық университетінде” білімін  жалғастырып,  “қаржылық менеджмент” мамандығын  игерген. 2016 жылы  Қарағанды  заңгерлік институтынның “құқық қорғау қызметі” мамандығын  алады.   Қазіргі таңда  Қостанайда криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі  лауазымында  қызмет  жасауда. Қызметін  абыроймен  атқарып, жоғары  белестерді  бағындырып, еңбегі  бағаланып алған  марапаттары да жетерлік. 2018 жылы Қостанай облысы полиция департаментінің  “Үздік жедел уәкілі”, 2019 жыл криминалдық полицияға 100 жыл медалін иеленген. 2020 жылы “II дәрежелі ішкі  істер органдарының  үздігі” төсбелгісімен  наградталған  және “Ұлттық  ұлан  қызметінің  үздігі”  кеуде белгісімен наградталған. (Сонымен қатар Министр мен  ішкі  істер  департаменті басшысынан  бірнеше рет  алғыс хаттарымен  мадақтамалар алған.) Өз  жұмысында ғана емес,  қатарларының  да  ортасында  ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары  Айбат Бауыржанұлы  Жангелдин ауданының  90 жылдығында  белсенділік  таныта білді. Ол кіре  беріс  қақапаның   суретін  қағаз  бетіне  түсіріп,  үлгісін  жасап  шығарған.    Тәуелсіздік  құрдастары  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып асқан  жауапкершілікпен  қақпаның  жоғары  деңгейде  салынып  шығуына  мұрындық болды.  Жасаған еңбектері  бағаланып аудан әкімі  Шота  Оспанов  “Жангелдин ауданына  90 жыл” төс  белгісімен  наградтады. Сонымен  қатар, туған өлкенің  дамуына  қосқан  үлесі  үшін “ Туған  өлке” номинациясымен  марапатталды.

“Мен  киелі Торғай жерінің тумасы  болғаным  үшін,  тәуелсіздік  құрдасы болғаным  үшін мақтанамын. Әр  перзент өз  еленің өркендеп,  қарыштап  даму  жолында аянбай  еңбек ету керек деп  білемін. 1991 жыл  тарихтан  ойып  тұрып орын  алған  жыл, әр  біріміздің   жадымызда,  тайға  таңба  басқандай  сақталуы  тиіс. Ата  бабамыз  көп  жылдар  арман  етіп  қол жеткізген  азаттықты сезініп,  қадірін  түсініп, кейінгі  жас  буынға  жеткізу  біздің  парызымыз. Сол  үшінде  болашақта   еліміздің  өркендеуі  жолында  аянбай  қызмет жасап,  өз  үлесімді  қоссам деймін. Тәуелсіздіктің арқасында өзге елдермен тереземіз теңесті. Елбасы жастарға үнемі сенім артып отырады.  Бірлік, береке, татулық барда еш қауіп жоқ. Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілеймін ,”-дейді  Айбат  Әбдір.

Киелі  Торғай  жері перзенттерімен мақтанып, марқайатыны  жасырын емес. Соның  қатарын  бүгінде Айбат сынды  ел перзенті  толықтырып  отыр. Жолдасы Гүлім  Талапқызы екеуі  Алланың  қалауымен  екі қыз  бір  ұл  өсіріп отырған  бақытты отбасы.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.