Жанкеллин ауданында мемлекеттік қызметшілер мен полиция өкілдері марапатталды

Еңбек елеусіз қалмайды

Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция күніне орай салтанатты жиын өтті.

Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

“Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Бүгін біз басқа да атаулы күндер мен мерекелердің ішінде ерекше орын алатын кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз.Алдағы уақыта да Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындауда сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз, дәстүрлеріңіздің көмегімен биіктерден көрінеді деп сенеміз.

Шын жүректен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнімен құттықтаймын”,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, сала қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке жалғасты.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.