Жанкелдин ауданында түлектерге “Алтын белгі” мен “Үздік аттестат” тапсырылды

Жас түлектер салтанаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрықтың 52 тармағы негізінде негізгі орта білім беру туралы үздік атестат алған, негізгі, жалпы орта білімнің оқу бағдарламасларына сәйкес 5(6)-сыныптан бастап 11(12) сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», «10(11)-11(12)- сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен 11(12) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» атестаты беріледі.

Осыған орай, әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев «Алтын белгі» үміткерлерін салтанатты түрде марапаттады. Оқушыларға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатын және түлектерге «Алтын белгі» мен ақшалай сыйақы табыстады.

«Құрметті түлектер, 11 жыл алған білімдеріңізді қорытындылап, үздіктер қатарынан танылып, «Алтын белгі» иегерлері атандыңыздар. Алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, жоғарғы балл алып қалаған оқу орындарыңызға түсуге тілекшімін. Сіздер еліміздің болашағысыздар, сол себепті ата аналарыңыздың үмітін ақтап, машықты маман атанып елге келіп абыройлы қызмет етесіздер деген сенімдемін»,-деді аудан әкімі.

2024-2025 оқу жылы қорытындысымен 11 сыныпты 147 түлек аяқтады. Оның озат оқушылар саны -35, 5 түлек «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы атестат иегерлері болды. Түлектердің басым бөлігі педагогика саласын таңдап отыр. Армандары асқақ оқушылардың мақсаттарына жетуіне тағы бір қадам қалды. Жас түлектерге сәттілік тілейміз.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.