Жанкелдин ауданы, Тәуіш ауылында қазақ күресінің жас майталманы тұрады

Бала балуан ел намысын қорғап жүр

Тәуіш ауылындағы Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Данияр Қабен қазақ күресімен 9 жасынан бастап айналысып келеді.

Арманына жету үшін мектеп жанындағы күрес бөліміне тізіліп, қазақ күресінің қыр – сырын меңгеруге бел буады. Жаттықтырушысы Медет Қарпықов оның көзінен от ұшқынын байқап, тәрбиелейді. Аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі оралмаса да түбі жеңіске жетемін деп талпынған Данияр алған бетінен қайтпайды. Сөйтіп жүріп, біртіндеп жеңіске жете бастады.

«Данияр 9 жасынан қазақ күресін меңгеріп, ерік-жігерінің арқасында облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпазы атанды. Тіпті осы қаңтар айындағы облыстық чемпионаты турнирінен жүлделі 3-ші орынды иеленді. Жарыс кезінде қарсыласына кек сақтамай, сәттілік тілеп жүреді. Мен үйрететін әдіс-тәсілдерді тез ұғынып, өзінен кіші әріптестеріне үйретіп, бағыт-бағдар береді. Осы күнге дейін талмай еңбек еткені мен жеңіске деген ынтасының әсерінен көптеген турнирлерден жүлделі орындармен оралды. Даниярды мақтан тұтамын, сондай-ақ алда алар асулары көп екеніне сенемін»,-дейді бапкері.

Жас жігерінің арқасында 2 белбеуі, 2 кубогы, 26 медальдары мен марапатталған.

Жас балуанның «Әлем Барысына» қатысу арманға айналды. Тынымсыз дайындықтың арқасында оған жетемін деген жігерін жанып келеді.Тәуіш ауылының жас жеткіншектерін қазақ күресіне баулып, бапкеріне ұқсайтын тұлға болу арманы. Данияр сынды осы дәстүрді жалғастырып, қазақ күресін әлемге танытуға атсалысатын жандар көп болғай.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.