Ел мерейін көтерді
Чехия елінде тоғызқұмалақтан өткен турнирде Наргиз Бақыттың бағы жанды. Қостанай облысының намысын қорғаған тоғызқұмалақшы ойынның үш түрінен жеңіске жетті. Бестемше ойынында қарсыластарын ойсыра ұтып, бірінші орынды жеңіп алды. Рапид түрінен екінші орынды иеленді. Ал, классика түрінен үшінші орынға табан тіреді.
“Мен осы күніме шүкір деймін. Бұл жеңіс менің ғана емес туған жерімнің жеңісі. Қостанай облысының мәртебесі. Осы жолғы жеңісімді марқұм атамның аруағына арнаймын. Себебі, атам мықты математик болды. Атамдай болсам деп армандайтынмын. Сол күнге жету үшін еңбектеніп, биік белестерді бағындыруға тырысамын”,-дейді Наргиз Дәуренқызы.
Халықаралық турнирдің жеңімпазы Наргиз аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі Тоғызқұмалақ үйірмесінің тәрбиеленушісі. Наргиз бұған дейін де талай жарыстардың жеңімпазы болды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.