Жанкелдин ауданының тұрғындары көктемгі су жырған жолға шибін тас төсеу керектігін айтып шағымданды

Көлік жүргізушілердің жанайқайы

Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Торғай – Арқалық тас жолының бойында орналасқан Тәуіш ауылының тұсындағы «Қисық қарасу» суағарын сел бұзып, елді әбігерге салғаны белгілі. Табиғи апат айтып келмейтінін жақсы білеміз. Соның салдарынан көлік қатынасы күрт тоқтады. Кейін су деңгейі төмендеп, қарқыны басылғанда «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер атанып, жол құрылысын бастады. Көлік қатынасына шектеу болмас үшін тас жолдың жиегінен айналма жол салды. Қазір күз айы.

Екі күннің бірінде жауын шашын. Айналма жол ми батпаққа айналып, камаз автокөліктерінің жүруіне кедергі жасауда. Бұл жөнінде әлеуметтік желі арқылы ауыл тұрғындары шағымданды.

«Мынау не масқара! Жергілікті билік өкілдері қайда қарап отыр. Міндетті түрде оқыс оқиға болуы керек пе? Қаншама көлік кептелістері болып жатыр. Арнайы айналма жол салғаннан кейін шибін тас төселуі керек. Осыны қадағалайтын құзырлы органдар ай қарап отыр ма? Әлде жоғары билікке шығып, жан айқайымызды жеткізу керек пе?», – деп тұрғындар әлеуметтік желік арқылы шағым айтты.

Рас, жеңіл көліктер шыр айналып, келе жатқан бағытынан теріс бұрылып, езілген балшықтың ортасында төрт дөңгелектері қазығынан айналып тұрып қалады. Бұл мердігердің кінәсі. Алғашында айналма жол салғаннан кейін шибін тас төсеп, таптау керек еді. Сондай – ақ, аудандық тұрғын үй коммуналдық инспециясы жол құрылысын қадағалауға міндетті. Мүмкін мердігер мен аталған мекеменің арасында дұрыс байланыстың жоқтығы. Салғырттықтан көлік апаты болса, күлкімізді тиып, езуімізді жия алмай қаламыз. Жүргізушілердің жанайқайынан кейін күл төсеп қалыпқа клетіріп жатыр екен.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.