Жанкелдин ауданында жеңіс күні мерекеленді

Батырлардың рухына тағзым

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл. Кешегі қан майданда жер үшін ел үшін кеуделерін оққа тосқан батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Еркіндіктің жолында ерлікпен қаза тапқан майдангерлерге тағзым жасап, құрмет көрсету әрбір қазақстандық азаматтардың парызы. Олардың батырлығын жас ұрпаққа насихаттау міндет. Осы орайда аудан тұрғындары мәңгілік алау маңына жиналып, Ұлы Жеңіс күніне арналған іс шараның куәсі болды. “Оспанқожа әулие” мешітінің бас имамы Айдос Әбдісалық батыр бабалар рухына құран бағыштады. Аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов өткен тарихқа шолу жасап, көзсіз ерліктің үлгісі болған майдангерлердің азаттық үшін арпалысқан жанқиярлық істерін паш етті. Ауған соғысының ардагері Бөкейхан Ысмағұлов ізгі тілегін арнады. Жиналған көпшілік батыр бабалардың рухына тағзым жасап, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Біздің ауданда майдан шебінде болған адамдардың саны көп болғанымен,қазіргі уақытта соғыс ардагерлері ортамызда жоқ. Тек Ұлы Отан соғысымен теңестірілген тыл және ауған соғысының ардагерлері ғана.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.