Жанкелдин ауданында “Жасыл ел” бағдарламасы басталды

Жастарды еңбекке баулу

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау-жаһандық маңызы бар мәселе.Осы ретте елімізде 2005 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама тек қана ағаш отырғызу емес не көгелдындыру емес, бұл- жастарды еңбекке баулитын, табиғатты қорғауға үндейтін, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтін бағдарлама.Аталмыш бастама Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға экологиялық тәрбие беру, жасыл аймақтарды көбейту, қоғамдық еңбекке араластыру мақсатында құрылған болатын. Жыл сайын еліміздің түпкір түпкірінен мыңдаған жастар осы жобаға қатысып, ауыл,қала көшелерін көгелдандыруға, ағаш отырғызуға, тазалық жұмыстарына, табиғи аумақтарды қорғауға үлес қосып келеді.

Аталған жоба ауданда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жазғы айларда 80 ге тарта жастар кезең-кезеңімен жұмыс жасап беліленген жұмыс кестесіне сәйкес жалақыларын алады. Қазіргі таңда маусым айында басталатын жұмысқа 18-35 жас аралығындағы жастарды қабылдау жүріп жатыр.Бірінші кезеңге 25 адам жұмыспен қамтылмақ. 8 сағаттық жұмыс кестесіне-85 мың, 4 сағаттық жұмыс кестесіне-42500 теңге төленеді. Жалпы жасыл ел бағдарламасын жүзеге асыру үшін 7142854 теңге қаралған. Оны жеке кәсіпкер Айгерім Баязи ұтып алып, жұмысты ұйымдастыратын болады. Жасыл ел жасақтарына құжаттарыңызды аудандық жастар ресурстық орталығы және торғай ауылы әкімдігі мекемесіне тапсырып, бос уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.