Жанкелдин ауданының оқушылары ғылыми жоба жеңімпазы болды

Ілім – білім биік шыңға жетелейді

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары халықаралық ғылыми жобадан жүлдеге ие болды. Химия-биология, ия пәндерінен Мөлдір Кәдірбек, Аруна Кәдірбек «Тұздыкөл көліндегі тұз қасиетінің тірі ағзаларға әсерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми жоба дайындап, жан-жақтты зерттеу жұмысын жасап ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен екінші орынға ие болған еді. Халықаралық ғылыми жобаға бақ сынау үшін жіберген оқушылардың ұтымды жұмысы, үздік деп танылып жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Аталмыш жобаны дайындауға үш айдан аса уақыт жұмсаған. Оқушылармен тығыз жұмыс жасап, жан-жақты тыңғылықты дайындық жүргізген жоба жетекшісі Томирис Әмірғалиеваның еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Халықаралық ғылыми жобаның жүлдегерлері Тарих пәні бойынша Әбдірәсіл Айсұлтанның «Бабалар аңсаған тәуелсіздік: Қазақ халқының азаттық күресі» ғылыми жобасы, жетекшісі Гүлбаршын Жауымбаева, денешынықтыру пәнінен «Тоғызқұмалақ тарланы Айтмағанбетов Әбдібектің өнегелі өмір жолы және ізбасарлары» тақырыбында ғылыми жоба дайындаған Наргиз Бақыттың жұмыстары халықаралық ғылыми жоба ұйымдастырушыларының жоғарғы бағысына ие болды. Жоба жетекшісі Думан Дәрмен. Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі бай мен кедей бейнесі» тақырыбындағы Айзере Амантайдың ғылыми жұмысы аталмыш жобадан үшінші орынды иеленді.Жоба жетекшісі Айгерім Есекеева.

«Жоба дайындау өте көп уақытты қажет етеді. Тыңғылықты жұмыс жасап, жан-жақты терең ізденіс нәтижесінде үлкен жобалар дайындауға болады. Оқушыларымыздың қызығушылығы, жауаптылығы, білімге құштарлығының нәтижесі осы бір жемісті марапатқа ие болуға себеп болып отыр. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Әр бір ұстаздың жетістігі ол тәрбиелеп отырған шәкіртімен көрінеді. Бұл біздің мектеп үшінде үлкен жетістік,»-дейді жоба жетекшілері.

Зерттеу дегеніміз – бәрі көргенін көру және ешкім ойламағандай ойлау деп американдық биохимик Альберт Сент-дьердьи айтқандай, білімге, ғылымға құмар оқушыларымыз көп болғай. Жаңа дүниелерді зерттеп,өзгеше пайымдар жасап үздік жобалар дайындайтын болса, бізденде үлкен зерттеушілер шығуы әбден мүмкін.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген:мектеп парақшасынан алынды

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.