Ел игілігі үшін қолайлы
Аудан орталығынан «Елеутовтер» отбасы «Тұмар» мейрамханасын ашуды жоспарға енгізді. 90 – шы жылдардың басында кәсіппен айналысқан ерлі – зайыпты Талап пен Кәмпит күні бүгінге дейін осы салада елелулі еңбек етіп келеді. Оның сыртында шаруашылықтары баар. Яғни, мал басын асылдандыру бағытындағы шаруашылығы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Олар өзара ақлдасып, аудан орталығынан мейрамхана ашуды қолға алды.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі арқылы қаржы көзін іздеп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысып, 5 млн теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. «Мейрамхана ашу – халыққа қызмет көрсету» жобасын мемлекет мақұлдап, бизнес жобасына қолдау білдірген.
«Елде тұрғасын кәсіп жасап, халыққа қызмет істеу міндетіміз. Осы мейрамхананы ашу үшін біраз ойландық. Таразыдан өткіздік, бизнес саласында жүрген әріптестерпен кеңестік, ең соңында нартәуекел деп мейрамхананың құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Бұрын «Заман – 05» жауапкершілігі шектелуі серіктестігінің екі қабатты ғимаратын сатып алып, бастан аяқ жөндеу жұмыстарын жасадық. Әлі де ұсақ – түйек жұмыстары бар. Барлық жылу жүйесін дәнекерлеуші Нұрлан деген азамат еш ақысыз істеп берді. Құрылыс жұмыстарын Өзбек ағайындар жасап жатыр. Мейрамханының ашылу салтанатын алдағы аптада жасаймыз деп отырмыз», – дейді жеке кәсіпкер Кәмпит Елеутова.
Жеке кәсіпкер алдағы уақытта 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. 200 адамдық мейрамхана ішімдіксіз той өткізуге, құдайыас, 40 күндік, жылдық ас беруге арналған. Адам басына 2500 теңгеден. Бұның ішіне ас мәзірін әзірлеу, түрлі салаттар, гигеналық қызметтер кіреді.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Суртті түсірген: автор
Тарихи той дайындығы басталды (далее…)
Ауылдық ағайындардың қуанышы (далее…)
Жерлестеріміз жеңіске жетті (далее…)
Тазалық табалдырықтан (далее…)
Қазба байлық өңірі (далее…)
Тарихи жерлермен танысты (далее…)
This website uses cookies.