Ауылдық ағайындардың қуанышы
Аудан орталығынан 130 шақырым жерде орналасқан Қызбел ауылдық округіне ұялы байланыс мұнарасы орнатылғалы біраз жыл болды. Бұл елді мекенде «Билайн» байланысының сапасы жақсы. Ауылда мобильді интернет желісі мүлдем жоқ деуге болады. Алаштың ардақты тұлғасы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойының шапағаты тисе керек. Күні кеше ауыл тұрғындары сүйіншілеп, әлеуметтік желіге «4G интернет желісі» қослыды деп қуаныштарымен бөлісті.
«Бүгін — тарихта қалатын күн болды. Заман талабына сай жаңа белеске қадам басып отырмыз. Ауылымызға 4G желісі қосылды! Бұл тек интернет қана емес — бұл мүмкіндік, бұл болашаққа ашылған терезе. Балаларымыз сапалы білімге қол жеткізе алады. Шет жақта жүрген ұл-қыздармен бейнебайланыс арқылы жүздесу оңай. Кәсіпкерлер мен шаруалар өз өнімін онлайн сатуға, жаңа идеялармен жұмыс істеуге жол ашады. Бүгінгі жетістік — тек байланыс емес, бұл ауылдың дамуға деген сенімді қадамы. Сандық дәуірге аяқ басқан ауылымыз өсіп-өркендей берсін!
Интернет — ел мен елді, жүрек пен жүректі жалғайтын көпір. Осы көпірден бәріміз бірге өтіп, білімге, өркениетке, бірлікке бастар жолымыз ашық болсын! Құтты болсын, 4G – ауылдың жаңа тынысы! Берекелі болсын, ауылдың жаңа дәуірі», – деп жазды ауыл тұрғыны Гүлсана Қаржауқызы.
Ауылдық ағайындардың қуанышы ұзағынан болғай. «Балаларымыз сапалы білімге қол жеткізе алады» деген сөзі оңтайлы болса жөн. Себебі, қазір еңбектеген балаға дейін ұялы телефон арқылы тәрбиеленіп жатыр. Білім алу мақсатына пайдаланса игі. Күндіз – түні телефонға терміліп, тәуелді болмаса болғаны.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…
Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)
Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)
Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)
При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)
Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)
This website uses cookies.