Жанкелдин ауданындағы қос өнерлі ұжымның еңбегі жоғары бағаланды

«Үлгілі» атаққа лайықты

2024 жыл ауданымыз үшін жақсылыққа толы берекелі жыл болды

Жыл аяғын қорытындылау кезеңі жағымды жаңалықтармен ұласып, оқушылар спорттан, өнерден республикалық, халықаралық жеңімпаз атанып ел мерейін үстем етті. Тоғызқұмалақтан халықаралық турнирден чемпион атанып, енді бірі үшінші орынды иеленіп барша ел болып мәре сәре болдық.

Күні кеше жағымды жаңалықтың ізін суытпай тағы бір сүйінші жаңалық көпке қуаныш сыйлады. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің көркемөнерпаздары «Ерке Наз» би ансамблі мен «Сиқырлы театр» драмалық ұжымы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен «Үлгілі» атағына ие болды.

Сахнаның сәнін келтіріп, көрермен көзайымына айналған аудан мақтаныштары “Еркеназ” би ұжымы мен “Сиқырлы театр” ұжымы Қостанай облысы бойынша “Үлгілі” атағын иеленіп, көркемөнерпаздар ұжымы қатарында танылды. Бұл – шығармашылық ұжымдардың қажырлы еңбегінің жемісі. Ұжымдардың әрбір қойылымы, биі мен өнері жүректерді тебірентіп, талғам мен сапаның жоғары екенін дәлелдеп келеді. Бұл жетістік ауданымыздың мәдениетінің деңгейін көрсетіп, жаңа шығармашылық шыңдарға жетелейді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: Өнер мектебі

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданына Мәжіліс депутаты келді

Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…

3 дня ago

Жанкелдин ауданында 5 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізілуде

Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…

3 дня ago

This website uses cookies.