Жанкелдин ауданында қар қалашығынан салынған мүсіндерді бүлдіргілер бұзып кеткен

Басым қайда менің…

Күні кеше орталық алаңға сән беріп тұрған қалашықтарды бір аптаға жеткізбей қиратып кеткен. Қастандық десе, қанымыз бір. Жауыздық десек, жанымыз бір. Қасақана істеген десек, шамалы болса да жобасы келетін сияқты. Орталық алаңнан өтіп бара жатып, қардан жасалған ит мүсінінің басы жоқ екенін аңғардым. Жақындап барып еді әлгі иттің басы допша жерде домалап жатыр екен. Өзімен өзі тұрған ит мүсіні кімге кедергі жасады екенә.

Ауа – райы жылы болып тұр. Соның салдарынан қар қалашықтарының түр әлпеттері келіспей тұрғаны рас. Бірақ, солай екен деп шетінен қирата беруге де болмайды. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері күннің суығына қарамай еңбектеніп жасаған мүсіндер еді. Мүсінді мүсіркеп отырған жоқпын. Егер олар әдемі қалпында тұрса, балалар барып, естелік сурттерге түсіп, мәз – майрам болар еді ғой. Дәл осы қалашықтарды мектеп жасындағы балалар бұзды десе, ешбір сенбес едім. Себебі, олардың қасында ата – анасы жүр еді. Сондықтан баласының өрескел қылығына тойтарыс береді. Менің ойымша, бойларындағы күштері тасып жүрген жастардың ісі. Иттің басын жұлып алғаны былай тұрсын, қасында тұрып энергетик сусынын ішіп, алдыңғы екі аяғының ортасын қыстырып кеткен. Қасында темекі тұқылдары да жатыр.

«Біз кешкілік қар қалашықтарын үнемі қадағалап отырамыз. Кешкі сағат 20:00 ден 22:00 ге дейін мектеп жасындағы балалар ата – аналарымен шығып, өздері естелік суреттерге түсіп жүреді. Беймізгіл уақытта көше кезіп жүретін жастардан келуі әбден мүмкін. Егер қар қалашықтарын бүлдіріп немесе қиратып жатқанын көрсек, біз оларға заң аясында шара қолданамыз», – дейді полиция өкілдері.

Бүлінгеннен бүлдіргі алғанша, бүлінгенді бірігіп, қалыпқа келтірейік.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.