Облыстық байқау жоғары дәрежеде өтті
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» атты байқау өтті.
Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау мақсатында, ұйымдастырылған байқауда біздің аудан мектептерінің 4 оқушы қатысып, жеңіске жеті.
«Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана–сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатындағы байқау талаптары өте жоғары. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысын үйрету, түсініктерді деректермен, дәйек сөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, дарынды балаларды анықтау, қолдау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою және бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Біздің оқушыларымыз ұстаздарының үмітін ақтады. Облыстық байқауға оқушыларды жоғары дәрежеде дайындаған жетекшілері Әсем Серікбаев, Ақмарал Елеубаева, Сәбит Сейдахметов және Жанат Нағымашоваға ерекше алғысымды білдіремін», – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанат Темірова.
«Ер құтқарар ер едім» Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағытында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Айару Бұхарбай және «Тартынбай сөйлер асылмын» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бойынша бақ сынаған Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы 10 сынып оқушысы Кәусар Асыланқызы бірінші орынды жеңіп алып, Атырау қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. «Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Аружан Ғалымжан және «Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы 9 сынып оқушысы Айым Құлтаева үшінші орын иеленді. Жүлдегер оқушылар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.