Жанкелдин ауданындағы ауыл, ауылдық округтердегі мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінуде

Мәнсіз мәдениет болмайды

Өңірдегі мәдениет саласының тамырына қан жүгірді. Ауыл, ауылдық округтердегі мәдени ошақтар қайта жанданды. Өткен жылы бастау алған «Ауыл және мәдениет» жобасы тың серпін берді. Ауылдық клубтар мен кітапханалар арасында бәсекелестік артты. Оның сыртында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көптеген мәдени іс – шаралар жүзеге асты. Бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Ауылдағы мәдени нысандардың тұрмыс – тіршілігімен танысу үшін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабай, мәдениет үйінің директоры Жанат Әлімбаева, орталықтандырылыған кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Роза Қуанқызы ауылдарды аралады. Клубтар мен кітапханалардың жұмыс жоспарымен танысып, саралап, өзара талқылады.

«Ауыл, ауылдық округтердегі мәдени жұмыстардың мәні мен мазмұны біз үшін маңызды. Өткен жылы бірқатар клубтар мен кітапханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын үнемі қадағалап отырдық. Кемшілік тұстары да болды. ескертулер жасалды. Мүмкіндіктер берілді. Жұмыс сапары аясында мәдени нысандарды араладық. Қазіргі халін көзбен көріп, танысып қайттық. Алға қойылған жоспарлар мен жұмыстар талқыландық», – дейді Жанар Асанханқызы.

Алдағы ұлттық домбыра күніне орайластырылған «Домбыра – ұлт қазынасы» жалпыұлттық жобасының тұжырымдамасын негізге алып, мәдениет қызметкерлеріне мерекенің өткізу алгоритмі бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізді.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.