Жанкелдин ауданының оқушылары жүлдемен оралды

Республикалық байқау жеңімпаздары

Семей қаласында оқушылар арасында өткен «Абай оқулары» байқауының республикалық кезеңінен жерлестеріміз жүлдемен оралды.
Дәстүрлі мектептің 8-11 сынып оқушыларының «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаз атанған екі оқушысы, байқаудың республикалық кезеңіне қатысқан болатын. Нәтижесінде “Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі” номинациясы бойынша Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Нурикамал Асқарқызы жүлделі 1орынды жеңіп алды. Жетекшісі Сәнімгүл Жақсылық. Сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11сынып оқушысы Мадина Мұқан байқаудың «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша жүлделі 3орын иегері атанды. Жетекшісі Елугүл Бекетова.

Аталмыш байқау жылдағыдан өзгерек өтті. “Абай оқулары” республикалық шығармашылық байқауы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет Халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Қазақтанның әр өңірінен ғана емес, Өзбекстан, Түркіменстан, Монғолия елдерінің оқушыларыда келіп бақ сынады. 140қатысушы арасынан топ жарып үздік атынуда үлкен жеңіс.

Мадина Мұқан аталмыш байқаудың облыстық кезеңінен екі мәрте екінші орын, және осы жылдың жүлдегері. Ғ.Қайырбеков оқуларынан республикалық кезеңінің жеңімпазы. Білім, ғылым, өнерді бар бойына жыйа білген дарынды Мадина биыл мектепті үздік аяқтап, өмірдің жаңа белесіне қадам басты.

Нурикамал Асқарқызы Амангелді жалпы білім берін мектебінің 10 сынып оқушысы.Нурикамалдың бағы мен бабы қатар шауып бір аптада республикадан екі жеңіспен оралды. «Абай оқулары» байқауынан жүлдегер атана отырып, араға бірнеше күн салып республикалық М.Жұмабаев оқуларыНан жүлделі үшінші орынды иеленді. Мектепте үздік оқушы ғана емес, аудандық шараларға белсене араласады. Нәтижесінде аудан әкімі, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

Оқушылардың кезекті жеңісі жетекшілерінің жемісті еңбегі деуге әбден болады. Оқушылармен тығыз жұмыс жасап, жан жақты дамытып, ізденіспен, талапшыл болуы жақсы нәтиже көрсетті. Биылғы оқу жылында аудан оқушылары бірнеше мәрте облыстық, республикалық байқауларда қоржынды жүлдемен толтырды. Бұл ауданның білім көрсеткіші үшін үлкен жетістік.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.