Кәсіп көзі табыста
Дәл осы жылы өмірге келіп, егемен елмен бірге жасасып келе жатқан тәуелсіздік құрдастарыда 33 жасқа келді. Тәуелсіздік құрдасы болу үлкен жауапкершілік екенін сезініп, елге қызмет ету, елдің гүлденуі үшін тер төгу перзенттік борышым деп санайтын тәуелсіздік құрдастарының бірі Медет Нұғманов.
Медет Ақшығанақұлы 1991 жылы 30 мамырда дүниеге келген.Торғайдың тумасы. Н.Иванов атындағы орта мектебінің түлегі. Астана қаласына оқуға түсіп 12 жылға тарта уақыт Астана қаласында қызмет жасаған. Елге келіп қызмет ету, елдің өркендеуі жолында еңбек ету перзенттік борышым деп санайтын Медеттің алға қойған жоспары өте көп. Бүгінде ауданда отбасылық бірнеше шағын кәсіп түрін ашып, дөңгелетіп отыр. Жұбайы Ұлболсын Сатанова екеуі Астана қаласынан елге оралып, көші қон бағдарламасы бойынша үй алып тұрақты орналасты. Өз қаражаттарына шағын кәсіп түрін бастап, «фасфуд» өнімдерін жасап халықтың сұранысына ие болды. Осылайша, шағын жастарға арналған демалыс орнын ашты. 2023 жылы «Кинорум» орталығын ашып, жастардың уақытын тиімді өткізуге мұрындық болды. Мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, қажетті құрал жабдықтармен жабдықтап, одан бөлек өз қаражаттарына ғимарат алып, оның ішіне талапқа сай толық жөндеу жұмыстарын жасап, қалыпқа келтірді. Қазіргі таңда, жастар үшін караоке, бильярд, кинотеатр бөлмесі, сондай ақ балалармен келген отбасыларға балалар бөлмесі жұмыс жасайды. Алдын ала уақытқа кезек қойып, қажетті тағамдарға да тапсырыс беріп қоюға болады.
«Бүгінде отбасымызбен бірнеше кәсіп түрін ашып, қызмет көрсетудеміз. Бастысы ашып қалдыру емес, халықтың көңілінен шығып, сол кісілердің алғысын арқалау. Кез – келген адамда ең алдымен ниет түзу болса, әр бастама оңынан шешімін табады деп ойлаймын. Сол себепті ең бірінші орынға тек қана пайда көруді емес, одан бөлек келген тұтынушыларға жасалатын қызмет сапасына мән беру маңызды. Аллаға шүкір, табыс жыл санап артып келеді. Тұрақты тұтынушыларымызда бар. Десекте, сол бір түскен қаражатттан елге қажетті жаңа кәсіп тұрын ашып, елдің игілігі үшін қызмет көрсеткіміз келеді. Мәселен, жақында мемлекетттен 1 млн 476мың 800теңге грантын жеңіп алдым. Алланың қалауымен тағы бір қажетті кәсіп түрін бастағалы жатырмыз. Әр бір бастаманы жұбайым екеуміз толық талқылап саралап алып, кейін қолға аламыз. Ал оның жүзеге асуына қолдау білдіретін ата-анам, бауырларым, ағайын туысқа ризашылығымды жеткізгім келеді. Елден шалғайда жүрген жастарға да айтарым, жоспар болса қашанда елдің азаматттары, басшылары әр бастамаға демеу жасап, жаңа кәсіптің ашылуына қолдау жасайды. Сол үшінде елге келіп қызмет етіп, елдің көркеюіне тамшыдай болсын үлес қосайық»-дейді, тәуелсіздік құрдасы.
Жақында халыққа жаңа кәсіп түрі қызмет көрсетеді. Енді Медет Ақшығанақұлының «M$R printting» жарнама агенттігінен тойыңызға қажетті баннерлер, пленкалар, стендтар, көлемді әріптер, лайтбокстарға тапсырыс бере аласыздар. Шағын жарнама орталығы болсада, оның ғимаратына қажетті толықтай жөндеу жұмыстары жасалып, Алматыдан арнайы алдырған аппарат, оны орнату үшін арнайы мамандыда алдырып толығымен жабдықтарды орнатып сапалы түрде жұмысын бастауға әзір. Енді қажетті баннерлерді қалаға шығарып ауреге түспей, өзіміздің аудандық кәсіпкерге қолдау білідірейік.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор
Марапатқа толы жыл (далее…)
Лайықты марапат иесі (далее…)
Ілім – білім биік шыңға жетелейді (далее…)
Орталық алаңға мұз қалашықтар салынады (далее…)
Машықты маман еңбегі бағаланды (далее…)
This website uses cookies.