Жанкелдин ауданында қаңғыбас иттерді жою мәселесі шешілмей тұр

Қабаған иттен қауіп көп

Ықылым заманнан бері қазақта мынадай бір тәлсім бар «Даудың басы, Дайрабайдың көк сиыры» деген. Ал, бүгінгі даудың мәселесі тым бөлек. Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, тобырымен ұйығып жүрген қаңғыбас иттер жайлы көп айтылып жатыр. Бірақ, неге екені белгісіз әлі күнге бұл мәселенің шешімі табылмай келеді. Ашынған халық жергілікті билік пен полиция өкілдеріне шүйлігіп жүр. Итті аулау немесе көзін жоюға олардың құқығы жоқ. Себебі, 2022 жылдың 23 маусым айында «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі» әзірлеген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойылған.


Қабылданған заңда былай дейді, «Заңға сәйкес көшеде кездескен бұралқы итті атуыңызға болмайды. Атсаңыз, айыппұл арқалап, заң шеңберінде жауапқа тартыласыз. Тіпті, елестетпеген шара түрін қолданып, жануарларға зәбір көрсеткені үшін қылмыстық кодекс бойынша іс қозғалуы мүмкін».

Ал, «Жануарларға жауапкершілік пен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының шешімінде, «аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ, дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар», – деп жазылған.

Рас, қазір көше бойы шұбырып жүрген қаңғыбас иттер. Боқат төгетін жаққа барсаңыз иесіз иттерді көзің шалады. Неге өзіміз күшіктерді сол жаққа апарып тастаймыз. Олар сол маңда жүріп өсіп өнеді. Негізі күшіктер көзін ашпай тұрғанда жандарынг жаһанамға жіберу керек. Заңсыз атуға тағы болмайды. Тұрғындар шағымданып иттердің көзін құрту керек деп шағымданады. Егер оны біреу барып, мылтығымен атса, «Анау келіп, итімізді атып кетті» деп полиция бөліміне арыз түсіреміз. Жуырда әлеуметтік желіде «полиция бөлімінің өкілдері неге ол иттерді жоюмайды» деп жазды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.