Құрылысқа көңіл бөлінуде
Жангелді ауданы бойынша 19 мектеп базасы бар. Оның үшеуі аудан орталығында орналасқан. 2024 жылы Ш.Уәлиханов жалпы білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, іші заманайу жабдықтармен жабдылталған болатын. Сонымен қатар мектептің спорт залының сырты толық қапталып, ішін қалыпқа келтіру жұмыстар толық жасалмаған еді. 2025 жылға жоспарға қойылған ағымдағы жөндеудің жұмысы биыл аяқталды. Спорт залының жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу және киім ауыстыратын бөлме жаңартылды. Жұмысты толығымен мердігер, жеке кәсіп иесі Руслан Төлегенов жасаған.
Жалпы биылғы жоспар бойынша облыстық бюджеттен қаралған қаражатқа 4 мектеп базасы мен 1 спорт залға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жоспарға қойылған. Жұмыстың бір шама бөлігі аяқталды. Аталған мектептердің бірі Жангелдин жалпы білім беретін мектебі. Мектеп базасының шатырлары қайта қалыпқа келтіріліп, 12 дана ішкі есіктер, 2 дана сыртқы есіктер, санитарлық-техникалық аспаптарды ауыстыру жұмыстары жасалды.
Жұмыстар толығымен аяқталған. Мердігер “BS Stroy Systems” ЖШС. Сонымен қатар мектептің жылу жүйесін ауыстыру жұмыстарыда жасалды. Мердігер ЖК «Аю».
Г.Қайырбеков жалпы білім беретін мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын мердігер “СтройМонтаж KZ-01” ЖШС жүргізді.Мектептің шатырына ағымдағы жөндеу жұмысы жасалды.
М.Дулатов жалпы білім беретін мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық білім басқармасынан 88 067,3 мың теңге бөлінді. Шатырға ағымдағы жөндеу жұмысы жасалып, еден ауыстыру, септик, санитарлық-техникалық аспаптарды ауыстыру жұмыстары жасалды. Мердігер «Опт Торг № 1» ЖШС. Демонтаж жұмыстары – 80пайыз жасалған. Жуынатын бөлмелердің әрлеу жұмыстары – 70пайыз. Шатыр жабындарының құрылғысы – 50пайыз. Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі – 35 пайыз. Қазіргі уақытта нысанда 10 адам жұмыс істеуде. Жалпы ағымдағы жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде.
«Бидайық бастауыш мектебі» КММ ағымдағы жөндеу жұмыстарына Мемлекеттік сатып алу байқаулары жарияланып, Мердігер анықталған. ЖК Харди Ару ұтып алып, жұмысын бастады.Облыстық бюджеттен 7 000,0 мың теңге бөлінген. Мектептің сыртын металлосайдингпен қаптаа, шатырға ағымдағы жөндеу, еден ауыстыру, септик, санитарлық-техникалық аспаптарды ауыстыру, терезесін ауыстыру, есктерді ауыстыру сынды жұмыстар жүргізілетін болады.Жұмыс 4қыркүйекте толығымен аяқталып, тапсырылады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.