Жанкелдин ауданында білім саласы қызметкерлеріне арналған конференция өтті

Жаңа оқу жылына жаңа бағыт

Жанкелдин ауданында Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты аудандық білім қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев,аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ-нің мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің әдіскері Бағила Ибрагимова, мекеме- кәсіпорын басшыларымен, ұстаздар қауымы қатысты.

Аудан әкімі Дінмұхамед Серікұлы білім мен ақпараттық технология өзгеріп жатқан уақытта елдің болашағы білім сапасы, ұстаздар қауымына тікелей байланысты екенін атап өтіп, мұғалімдерге жаңа оқу жылына зор табыстар тіледі.

Жангелдин ауданының білім келешегі:адал азамат, кәсіби маман қалыптастыру жолындағы даму үрдістері мен перспективалары» жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасым баяндама жасады. Өз баяндамасында 2024-2025оқу жылындағы ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін саралап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар бірқатар мектеп базаларының ағымдағы жөндеуден өткенін тілге тиек ете отырып, оқушылардың сапалы білімімен қатар олардың білім алатын мектеп базалары да басты назарда екенін атап өтіп, оқушылар үшін барлық жағдай заман талабына сай жасалу керегін айтты.

«Жалып аудандағы 19 білім беру ұйымында ағымдағы оқу жылына 2079 оқушы білім алмақ. Жалпы педагог саны 651. Оның ішінде педагог шебер-1, жоғарғы санатты-3, педагог-зерттеуші-25, педагог сарапшы-128, педагог -модератор-243, бірінші санатты-3, екінші санатты-4, санатсыз педагог саны 241 мұғалім. Аудан аумағындағы 18 шағын жинақты мектептерде мамандар жетіспеушілігі мәселесі әліде өзекті. Қазіргі уақытта дефектолог, физика пәні, химия пәні, математика, хореография, ағылшын, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мамандар тапшы.2024-2025 оқу жылында 12 жас маман жұмыспен қамтылды. Былтырғы оқу жылын жақсы нәтижемен тәмамдадық. Оқушылар, ұстаздар жоғарғы жетістіктерге жетіп білім сапасының көтерілуіне бірқатар жұмыстар жасады. Ағымдағы оқу жылына барша ұстаздарға сәттілік, толағай табыстар тілеймін,»- деді бөлім басшысы.

Ауданның оқу сапасы әлде қайда жақсарған. Облыстық деңгейде салыстырғанда Жангелдин ауданы екінші орынға табан тіреген.
толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.